Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығы "МИФОЛОГИЯ МҰЗЖАРҒЫШЫ" тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесу

28 наурыз күні Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығы  "Мифология мұзжарғышы" тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесу  өткізілді. Бұл кездесудің маңызды сипаты - ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға туралы ғылыми-танымдық кеш. Кеш барысында Серікбол Қондыбай туралы қысқаша видео көрсетіліп, баяндама оқылды.

Ғылыми-танымдық кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:

- Балсұлу Қондыбай – Серікбол Қондыбайдың апасы, педагог, ҚР «Білім беру ісінің үздігі»;

- Мұрат Ақмырзаев – педагог, жазушы, өлкетанушы «Адай уезінің жазба мұралары» атты кітаптың авторы;

- Рима Бердиева – Серікбол Қондыбай мемориалдық мұражайының директоры;

- Нұртай Айтжан - Серікбол Қондыбайдың құрдас-замандасы;

Сондай-ақ Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері. «Маңғыстау телеарнасы» және «Маңғыстау» газетінің тілшілері.

Кеш барысында өнерлі қыздарымыз Артурқызы Әнел және Ізбас Гауһар жетіген ұлттық аспабымен әдемі ән мен күмбірлеген күй орындады.

Серікбол Қондыбай– қазақ мифологиясының зерттеушісі. Ол бар болғаны 36 жыл өмір сүрсе де қазақ халқының тарихи санасын қалыптастыруда биік мақсат, ұлттық мүдде тұрғысынан қыруар жұмыс тындырған азамат. Сондықтан да, оның ғылымға, мәдени тарихымызға қосқан зерттеулері жоғары бағаға ие. Айрықша айта кетерлігі, Серікбол Қондыбай өзіне дейінгі ғалымдардың тісі бата қоймаған осы қиын да күрделі, терең де ауқымды мәселеге тайсалмай қалам тартты. Жас ғалымның қазақ мифологиясының табиғатын ашу мақсатында оны тілдің құрылымы тұрғысынан зерттеудегі, атаулар мен есімдердің мифологиялық астары мен мазмұнын танудағы еңбегі өзінің жоғары бағасын ала білді.

Таңғажайып дарынымен, жасампаз ерлігімен жұртты таңданта табындырған тұлға. Сұңғыла азаматтың сәулелі ой, сезімтал санасы “Талантта туған күн бар да, өлген күн жоқ” деген тіркесті толық дәлелдеп кетті. Қазақ мифологиясын алғашқылардың бірі боп зерттеу арқылы салаға ой-пікірін қосқан ғалымдардың бірегейі болғандығы туралы келген қонақтар өлкетанушы Мұрат Ақмырзаев, апасы Балсұлу Қондыбай, сырлас құрдасы Нұртай Айтжан және мұражай директоры Рима Бердиева ғылыми-танымдық, өнегелі пікір айтты. 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні: 0 : 15:47  




3 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 14:35  

Қала күніне орай өткізілген экскурсия

1 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 14:33  

1 қыркүйек - президент жолдауы

4 маусым 2021 Жарияланған уақытты: 15:50  

"4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні"

21 мамыр 2021 Жарияланған уақытты: 16:05  

"21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні"

9 сәуір 2021 Жарияланған уақытты: 16:41  

«Маңғыстаудың қасиетті нысандары» және «Алтын Орда кезеңіндегі - Маңғыстау»

6 сәуір 2021 Жарияланған уақытты: 14:43  

№16 жалпы білім беру мектебі

19 наурыз 2021 Жарияланған уақытты: 15:12  

Амал мерекесі

22 ақпан 2021 Жарияланған уақытты: 10:03  

№14 жалпы білім беру мектебі

17 ақпан 2021 Жарияланған уақытты: 15:34  

Маңғыстау туризм колледжі

29 қаңтар 2021 Жарияланған уақытты: 15:26  

«Алтын Орда кезеңіндегі - Маңғыстау» атты жылжымалы көрме

11 наурыз 2020 Жарияланған уақытты: 16:52  

Маңғыстаудың жылжымалы көрмесі Түркістанда

23 мамыр 2019 Жарияланған уақытты: 14:49  

Қарақия ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы заңнаманы сақтау туралы семинар

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:29  

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына пікір

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:18  

Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының археология жəне архитектура бөлімінің жетекшісі Бекболат Төлегенұлы «Маңғыстау», «24 KZ» телеарналарына және «Казахстанская правда» Республикалық газетіне берілген сұхбатынан үзінді.

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:13  

Маңғыстауда тарихи орындардың интерактивті картасы жасалды

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:07  

«Маңғыстаудың киелі орындары»

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:55  

Ғылыми-танымдық кеш", "Алаш қайраткерлері"

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:53  

"Дәстүрлі дін" презентациясын жүктеу

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:52  

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

12

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28