Айрақты тауындағы петроглифтер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік бағытта орналасқан.

Координаталары: N 44°14' 49.11", E 52° 6' 25.04". 

Ескерткіштің сипаттамасы: ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Айрақты тауындағы жартастағы бейнелерді зерттеген ғалым А.Г.Медоев өзінің 1979 жылы Алматы қаласындағы «Жалын» баспасынан жарықкөрген «Жартастағы бейнелер» еңбегінде толық мәліметтер бар. Қорым алғаш рет 25.12.2002 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің №264 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Бұл өлкені Каспий мен Арал теңіздерінің ортасынан және Жайық өзенінің арнасынан жалғыз ғана Мұғалджар тауының сілемдері қиып өтеді. Үстірттен бастап Орал тауының солтүстік батысына дейінгі кең жазықтың біраз бөлігін қақ жарып созылып жатыр. Бұл таудың Үстіртке біршама жақын жатқан тұсын Жамантау деп атайды. Тау сілемдерінің ең аумақты тұсы Қаратау  деп аталса, оның ең биік шыңын Айрақты деп атайды.  Сурет, дастархан тәріздес бейнелер Айрақты тауының шығыс жақ етегінде орналасқан жұмсақ бор жынысты тастардың шығыс және оңтүстік-шығыс жағында салынған. Тастарда үй жануарлары (түйе, жылқы), тау теке, атты адамдар, белгілер бейнеленген. Таудың абсалютті биіктігі 148 метрге жетеді.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Шағын тау шоқылары тізбегі жергілікті тұрғындар арасында Айрақты деген атпен белгілі. Айрақты таулары мұнаралы төбелері, бағаналары мен бекіністі қабырғалары бар ертегідегі қамалдарға  ұқсайды. Таулардың бірінен шығатын жартылай қолға үйретілген аттармен жүріліп қалған даланың бұралаң соқпақ жолы шағын алаңқайға алып барады. Осы жерден алыстағы Ақтау таулары, барлық айрақтылық қорғандар ажарын кең көлемді көріністен тамашалауға болады. Ылғалды көктемде жазық жерде кішілеу келген жұпар иісті согдийлік қызғалдақтар қаулап өседі. Айрақты тауының баурайы маңында зерттеушілер «Дала симфониясы» деп атаған ақбор жынысты тастарда шимайланып қалдырылған суреттерді көруге болады.

Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағаты 2008 ж. материалдары;

2. «Қазақ сахарасына саяхат» Бронислав Залесский, Париж 1865, Алматы 1991 ж.

  

 

 

Жарияланған күні: 28 қараша 2020




28 қараша 2020

Бекбаулы ата кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосынан 14 км солтүстік-батыс бағытта, Ұланақ жерінде орналасқан.

Координаталары: N 44014 31.1” E 51033 36.1”.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткішті 2004 жылы  Маңғыстау

28 қараша 2020

Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

Орналасқан жері: Бейнеу ауданы, Тұрыш селосынан 13 шм оңтүстік бағытта орналасқан.

Координаталары: N 45°23' 19.45", E 56°15' 10.75". 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорым 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қомқорлығына алынды. Қаратөбе қорымында Кіші жүздің  Табын руынан шыққан Барақ

28 қараша 2020

Балуанияз Мүсірепұлы кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 100 км шығыс бағытта орналасқан.

Координаталары: N 43°23' 34.30, E 54°33' 40.73. 

Ескерткіштің сипаттамасы: Балуанияз (1818-1856 жж.) – Адайдың Келімберді-Шыбынтай

28 қараша 2020

Атақозы батыр кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.

Координаталары: N 45010 44.7” E 55006 20.6”.

Ескерткіштің сипаттамасы: 1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет

28 қараша 2020

Айрақты тауындағы петроглифтер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік бағытта орналасқан.

Координаталары: N 44°14' 49.11", E 52° 6' 25.04". 

Ескерткіштің сипаттамасы: ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Айрақты тауындағы жартастағы бейнелерді зерттеген ғалым

28 қараша 2020

Маңғыстаудың қасиетті нысандардың тізімі

1. Айрақты тауындағы петроглифтер

2. Атақозы батыр кесенесі

3. Балуанияз Мүсірепұлы

4. Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

5. Бекбаулы ата кесенесі

6. Бердалы батыр

7. Бозжыра тауы

8. Досан Тәжіұлы кесенесі

9. Ержан хазрет жерленген жер

10. Есен ата

11. Есмамбет әулие жерленген жер

12. Иса

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28