Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

Орналасқан жері: Бейнеу ауданы, Тұрыш селосынан 13 шм оңтүстік бағытта орналасқан.

Координаталары: N 45°23' 19.45", E 56°15' 10.75". 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорым 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қомқорлығына алынды. Қаратөбе қорымында Кіші жүздің  Табын руынан шыққан Барақ батыр жерленген. 1993 жылы Барақтың бейітіне күмбезді кесене тұрғызылды. Күмбезтам жоспарда тікбұрыш пішінінде, жергілікті дәстүрлі сәулет үлгісімен қабырғасы үш қабат етіп салынған. Ішкі және сыртқы қабырғалары әктаспен қапталған. Алдыңғы бетінің маңдайшасында батырдың Барақ деген есімі қашалып жасалған. Осы қабырғасынан арка етіп қуыс қалдырылған. Ішінен есік шығарылған. Арканың сырт жағынан өсімдік тәрізді оюлар қашалған.Оюлардың сырт жағы «П» әрпі тәрізді қапталған. Осы «П» әрпін айналдыра және қалған 3 қабырғасына геометриялық оюлар өрнектелген. Бұрыштарының жоғарғы жағында тіктөртбұрышты құлақшалар бар. Алдыңғы бетіндегі 2 құлақшаға батырдың қару-жарағы (айбалта, қылыш, дулыға) қашалған. Бас шебері – сәулетші М.С. Нұрқабаев.

Тарихи деректер, аңыз-аңгімелер: Қорым 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қомқорлығына алынды. Барақ Сатыбалдыұлы (1743-1840) – батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. Үстірттің Сам құмында дүниеге келген. Барақ Сатыбалдыұлының батыр атағы 18 жасында (1761) торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. XVIII ғасырдың 70-жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысты. 1785-1792 жылдары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте көтеріліс басшыларының қатарында болды.

О.Игельстромның император әйел Екатерина ІІ-ге жазған хатында айтылады. Барақ батырдың тегеуірінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді. Ол Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекіністердің көптеп салынуына жол бермеген.

Алаш арысы Халел Досмұхамедұлы қазақтың кіші жүзі ақ патшаға бағынуға құлықты болмағаны туралы: «Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты әбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды», – деп Исатай-Махамбет көтерілісін сипаттап жазады. Бұл қолына найза ұстаған ерлер сынға түскен бұлғақты кезең болды. Барақ Сатыбалдыұлының ұлы Асау мен немересі Дәуіт те атақты батырлар болған.

Барақ батыр жайында көптеген аңыз-әңгімелер кездеседі. Барақ батыр Айшуақ ханды орыстардан босатуға кеткенде, 13 жастағы Асауды үйге тастап кетіпті. Содан ұйықтайын десе Шалдар асамен қайта-қайта түртіп Әкеңе көмектес деп ұйықтатпаса керек. Тымағын әкесі танып қалмас үшін бастыра киіп қосынның алғы шебінде жүріп орыстармен айқасса керек. Барақ баласын, айналасында жүрген Шалдарды байқап, Балам маңдайыңнан аққан терді сүртпе деп айқайлайды. Беріліп кеткені соншама, байқамай терін сүртіп қалғанда, бағанадан тимей жатқан оқтардың біреуі иық тұсынан тиеді. Бекет ата мен Барақ ата замандас, бір-бірін сыйлап өткен жақсы дос болып өтіпті. Бекет ата мен Барақ батыр аңызында жеті аққудың ұшуы бар. Ол аңызда Барақ батыр: Бекет атаға «Келе жатқаныңда алдыңнан жеті аққу ұшты, қасиетің жеті атаңа жетер», – десе, Барақ батырға «Алдыңнан үш аққу ұшты, зайырлығың үш атаңнан аспас», – дейді. Сол Бекет атаның айтқаны дәл келді, Барақтың қасиеті тек өзіне, баласы Асауға, немересі Дәуітке ғана дариды. Қазақта Барақ атты бірнеше батыр болған. Бәрі де жауқашырған, қан майданда аты шыққан аруақты ерлер.

Дерек көзі:

1. Қорық құжаттары;

2. «Маңғыстау» энциклопедиясы;

3. Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том, Алматы-2015 ж. 

  

 

 

 

Жарияланған күні: 28 қараша 2020




28 қараша 2020

Бекбаулы ата кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосынан 14 км солтүстік-батыс бағытта, Ұланақ жерінде орналасқан.

Координаталары: N 44014 31.1” E 51033 36.1”.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткішті 2004 жылы  Маңғыстау

28 қараша 2020

Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

Орналасқан жері: Бейнеу ауданы, Тұрыш селосынан 13 шм оңтүстік бағытта орналасқан.

Координаталары: N 45°23' 19.45", E 56°15' 10.75". 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорым 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қомқорлығына алынды. Қаратөбе қорымында Кіші жүздің  Табын руынан шыққан Барақ

28 қараша 2020

Балуанияз Мүсірепұлы кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 100 км шығыс бағытта орналасқан.

Координаталары: N 43°23' 34.30, E 54°33' 40.73. 

Ескерткіштің сипаттамасы: Балуанияз (1818-1856 жж.) – Адайдың Келімберді-Шыбынтай

28 қараша 2020

Атақозы батыр кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.

Координаталары: N 45010 44.7” E 55006 20.6”.

Ескерткіштің сипаттамасы: 1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет

28 қараша 2020

Айрақты тауындағы петроглифтер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік бағытта орналасқан.

Координаталары: N 44°14' 49.11", E 52° 6' 25.04". 

Ескерткіштің сипаттамасы: ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Айрақты тауындағы жартастағы бейнелерді зерттеген ғалым

28 қараша 2020

Маңғыстаудың қасиетті нысандардың тізімі

1. Айрақты тауындағы петроглифтер

2. Атақозы батыр кесенесі

3. Балуанияз Мүсірепұлы

4. Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі

5. Бекбаулы ата кесенесі

6. Бердалы батыр

7. Бозжыра тауы

8. Досан Тәжіұлы кесенесі

9. Ержан хазрет жерленген жер

10. Есен ата

11. Есмамбет әулие жерленген жер

12. Иса

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28