Орта ғасырлық Қызылқала қалашығы

Ерте орта ғасырларда Маңғыстау облысы аймағынан белгілі Ұлы жібек жолы деген континент аралық сауда жолдарының солтүстік тармақтары өткен. Маңғышлақ түбегінің аймағы құрлық және теңіз сауда қатынастарының тамаша ұштасқан сауда жолдарының транзиттік бөлігінің бірі ретінде маңызды рөл атқарды. Сауданың дамуы мұнда алғашқы отырықшы елді мекендер мен қалалардың, ал Каспий теңізінің жағалау алқаптарында - портты қыстаулардың пайда болуына себебін тигізді. Теңіздегі сауда барлық каспий маңы мемлекеттерін біріктірді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы аймағында төрт орта ғасырлық елді мекендердің қалдықтары белгілі. Маңғыстау ауданы аумағындағы Ақмыш бұлағы жағасында орналасқан Қызылқала қалашығы 10 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басы кезеңдеріндегі неғұрлым маңызды ескерткіш болып табылады. Бұл археологиялық нысанның шағын ғана бөлігіне алдын-ала жүргізілген қазба жұмыстарының қорытындысы Қызылқала - ірі сауда-қолөнер қаласының қалдықтары болып табылады деп болжауға мүмкіндік береді. Бұл жерден табылған қыш ыдыстарының сынықтары бойынша жорамалдасақ, қалашық құрылысы 10-11 ғғ. кезеңдерінде басталған, ал қайнаған өмір 13 ғ. екінші жартысында Алтын Орданың сауда байланыстары жандануы басталғанға дейін тоқтаған.

Қызылқала қалашығына алғашқы зерттеулер өткен жүзжылдықтың 70-ші - 80-ші жылдарында КСРО ҒА Археология институтының Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен ресей археологы Л.Л. Галкиннің жетекшілік етуімен жүргізілген. Бұл экспедицияның нәтижесінде ескерткіш құрылымы мен өмір сүру уақыты жайында алғашқы деректер алынды. Қалашықты зерттеудің жаңа кезеңі Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығымен 2004 жылы басталды және әзірге аяқталған жоқ. Зерттеудің негізгі мақсаты – қалашықтың құрылыс тарихы мен оның белгілену уақытын зерделеу. Бұл жұмыстар жергілікті археолог А.Е. Астафьевтің жетекшілігімен жүргізілуде. Соңғы жылдары дала жұмыстары кезеңдеріне қазақстандық және ресейлік археологтар М.Д. Қалменов пен В.В. Плахов қатысты.Қалашық құрылысының тарихы саз-балшықтан соғылған бекіністің іргесінен басталған. Бекініс жоспарда он екі бұрыштық және төртбұрышты аралық мұнаралармен 110 х 115 м дұрыс төртбұрыш пішінінде болып келеді. Диагоналды қақпалары мұнаралы бекініс қабырғаларының біріне жанаса, солтүстік-шығыс қабырғада орналасқан. Ішкі периметрі бойынша бекініс қабырғаларына кең аула пішінінде, бұл құрылысты алып керуен-сарайға айналдырған кең көлемді тұрмыстық және шаруашылық бөлмелер жалғаса салынған болуы мүмкін. Елді мекен өмірінің біраз уақыттарынан кейін бекіністің саз-балшықты қабырғалары алдыңғы беті жағынан қалқан түрінде қалыңдығы 2 м дейін ірі тұтас табиғи шомбал қалау тастарымен қапталған. Тас қабырғалар бекіністі алынбас қамалға айналдырды.

Уақыт өте келе бекініс айналасына қолөнер-сауда елді мекені – орамдар мен жекелеген үй-жайларға бөлінген рабат қалыптасады. Археологтар үйлердің іргетастары, тұрғын-үй бөлмелерінің құрылымдық элементтері (пештер мен от жағу орындары, қолжуғыштар, жататын және отыратын орындар, дәрет алуға арналған бөліктер, жерқоймалар) және мәдени шөгінділер нәтижесінде пайда болған алты құрылыс қабаттарын анықтады. Сондай-ақ, құрылыс аумағынан түрлі шаруашылық және тұрмыстық мағынадағы көптеген шұңқырлар анықталды. Қазба жұмыстары барысында кең көлемді болып келетін бөлмелердің аралары кішілеу етіп бөлінген тұстарында, яғни, қалашықтың осы бөлігінде халықтың тығыз болғандығын білдіретін бірнеше бөлмелі құрылыс қалдықтары айқындалды. Елді мекеннің барлық аумағында тас диірмендердің сынықтары кездеседі, ал жоғарғы мәдени қабаттардан егін оратын бүтін орақ табылды. Қалашық айналасын тексеру барысында ежелгі диқаншылық кәсіп игерілген кең жер бөлігі анықталды. Бұл табыстар қызылқалалықтардың дәнді дақылдар мен бақша мәдениетін белсенді игеруі жайындағы айғақтар болуы мүмкін. Қалашықтың мәдени қыртысы тұрғындардың тамағы ретінде қолданған жануарлардың сүйектеріне толы. Қой, қозы, жылқы, түйе және қабанның сүйектері байқалады. Қала тұрғындарын жергілікті көшпелі-малшылар малмен қамтамасыз еткен болу керек. Қалада ішкі сауда дамыған. Бұл жерден әзірге тиындар табылған жоқ, бірақ ақша орнына қолданған болуы мүмкін сырға түріндегі және сом мыс сақиналар жиі кезедеседі.

Бұл жердің көзешілері (қыштан зат істеушілер) көптеген сан-алуан шаруашылық, тұрмыстық және асүй ыдыстарын өндірген, оның ішінде құйма қышын дайындау бойынша әрекеттерді де жүзеге асырған. Ыдыс-аяқтардың көпшілігі көзешінің ұршығы көмегімен дайындалған. Ыдыс-аяқтардың бір бөлігі Хорезм мен Ираннан тасып әкелінген. Жекелеген үй-жайлардың көшеге қарайтын алдыңғы беттері ойып жасалған кірпіштермен әшекейленген. Қызылқалада зергерлік шеберхананың болғаны туралы археологиялық айғақтар бар. Археологтармен қола және күмістен құйылып жасалған ұсақ бұйымдар, зергерлік әшекейлерді құюға арналған тас пішіндердің сынықтары, амальгама (сәндік бұйымдарға алтын жалатуда қолданатын алтын мен сынап қоспасы) тасымалдауға арналған қыш ыдыс – сфероконус табылды. Шыны, нефрит, гагат, ақық (қызыл, қызғылт сары түсті асыл тас), тау хрустальі, көк тас және кәріптастан жасалған түрлі түсті моншақтар жиі кездеседі. Мыс пен жезді өңдеу тәрізді аса күрделі кәсіп те өркендеген.

«Манкашлаг – ол Хорезм, Саксин және орыс өлкесі аралығында, Табаристан теңізі Джейхун ағып құятын теңіз маңында (орналасқан), Хорезм аймағының шетіндегі алынбас қамал. Абу-л-Му'айяд ал-Муваффак ибн Ахмед ал-Мекки ал-Хорезми айтқан (өлеңдері) және өзінің баласы ал-Му'айядқа жазып қалдырған, ол сол кездерде Манкашлагқа кетіп қалған.

Оны (Манкашлагты) жаулап алған хорезмшах Атсыздың даңқын шығаруға арналған өлеңдері де бар:

Сен жібердің Манкашлагқа қорқынышқа найзағай

Сенің өткір семсеріңнен тұрғындардың зәресі ұшты».

Қазірдің өзінде Қызылқала қалашығын атақты Манкашлаг қамалымен салыстыруға болатын ғылыми негізделген тұжырым бар.  

Жарияланған күні: 16 қаңтар 2019




22 шілде 2021

Қызылқала қалашығы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген ескерткіш ретінде интернет желілерде халыққа насихаттау негізінде жасақталған бейнеролик - Қызылқала қалашығы 

(Сілтемеге өту арқылы қараңыз)


: https://www.facebook.com/100021085860873/videos/1244660602672009/
Толығырақ

23 сәуір 2020

Шерқала тауы және қорымы


Шерқала тауы – Маңғыстау ауданы, Шетпе кентiнен 17 км солтүстік батыс бағытта орналасқан. Арабша арыстан қала деген мағынаны бiлдiредi. Таудың солтүстік етегiнде әскери бекiнiс бар. 1851 ж геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционерi Б.Залесский: «Шерқалаға алыстан қарағанда Римнiң керемет пантеондарын көргендей боласың. Жақыннан келiп қарағанда, жеке қабырғалардың колонналарына


Толығырақ

11 сәуір 2020

Сырлытам жерленiмi

Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген. Оның сол жағында ұзын әрi жiңiшке семсер, қанжар,15 темiр жебе кiрiстерi жатты. Әйел қаңқасының оң жағынан 50-60 жастағы ер адам қаңқасы табылды. Оның денесi қатты шамданып оралғанын көрсетедi, сiрә бұл ер


Толығырақ

25 наурыз 2020

Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы түбінде бес ескі құдығы бар кең қазан-шұңқырдың ортасында орналасқан. Бас құрылыс 27х24 м тіктөртбұрыш формалы келген, қиылған әктас-ұлутастан тұрғызылған. Кіре беріс солтүстік-шығыс қабырғаның ортасында орнатылған. Оның ені шамамен 3м, ұзындығы 7м болған. Керуен-сарайдың қасбетінің (фасадының) бұрышына диаметрі 2 м, биіктігі 4 метрдей жұмыр мұнаралар бекітілген. Құрылыстың ішкі ауласы 17х14 м. Есіктің екі жағында екі бөлмеден


Толығырақ

10 наурыз 2020

Сырлытам жерленiмi

Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген. Оның сол жағында ұзын әрi жiңiшке семсер, қанжар,15 темiр жебе кiрiстерi жатты. Әйел қаңқасының оң жағынан 50-60 жастағы ер адам қаңқасы табылды. Оның денесi қатты шамданып оралғанын көрсетедi, сiрә бұл ер


Толығырақ

28 ақпан 2020

Бәйте 3

Бәйте 3 ғибадатханасы Маңғыстау ауданында Өтес селосынан  45  км солтүстік-шығыс бағытта Үстiрт кеңiстiгiнде орналасқан. Оның да құрылысы Түбежiк секiлдi. 20 ғ аяғында зерттелген. Ғимараттың ұзындығы 3 м. Сыртқы қаптамалы қабырғасының құлап қалған қаланымдарының  мұқият өңделген және бiр-бiрiне қиюластырылған  тас блоктары оның биiктiгiн 5 м немесе одан да жоғары деп анықтауға мүмкiндiк бередi. Құрылыстың сыртқы формасы  екi


Толығырақ

17 ақпан 2020

Үлкенқұдық

Алғашқы қоғамдардан жалғасып келе жатқан  қайтыс болған ата- бабаларын қастерлеп, олардың рухына табынудан орын алған қабiрүстi ескерткiштер тұрғызып, ол жердi кие тұту дәстүрi қола дәуiрiнде кеңiнен қанатын жайып, бүгiнгi  Маңғыстау тұрғындарының да өмiршең рәсiмiне айналды. Қола дәуiрiндегi  Сақақұдық, Ақтау, Дықылтас, Үлкенқұдық дiни-қабiрлеу кешендерiнде бағзы замандағы адамдардың дүниенiң жаратылуы, өмiр мен өлiм, адамның жаны мен тәнi туралы түсiнiктерi нышанды түрде айқындалған.


Толығырақ

1 ақпан 2020

Қосқұдық елді мекені

Қосқұдық ескерткішінде археологиялық зерттеулер 1993-2003-2006 жылдары өткерілді. жылдан басталған. Елді мекен Энеолит дәуірінде  (энеолит – тас ғасыры тарихи кезеңнің аяғы) б.д.д. 4-мыңжылдықтың 3-жартысы кезеңдерінде қалыптасқан. Ескерткіш үлкен тұрғын-үй қалдықтарынан және үй алдына шаруашылық қызметтері үшін тұрғызылған алаңдардардан тұрады. Үйде  бір уақытта 30-35 адам өмір сүрген деп болжамданады. Үйдің онша биік емес тас қабырғалары және құрылыстың


Толығырақ

16 қаңтар 2019

Орта ғасырлық Қызылқала қалашығы

Ерте орта ғасырларда Маңғыстау облысы аймағынан белгілі Ұлы жібек жолы деген континент аралық сауда жолдарының солтүстік тармақтары өткен. Маңғышлақ түбегінің аймағы құрлық және теңіз сауда қатынастарының тамаша ұштасқан сауда жолдарының транзиттік бөлігінің бірі ретінде маңызды рөл атқарды. Сауданың дамуы мұнда алғашқы отырықшы елді мекендер мен қалалардың, ал Каспий теңізінің жағалау алқаптарында - портты қыстаулардың пайда болуына себебін тигізді.


Толығырақ

16 қаңтар 2019

Маңғыстау археологиялық ескерткіштері

Маңғыстау тарихының ерекшеліктері бүгінгі таңда ғылыми әлемнің қызығушылығын оятып, дәйекті деректерімен қолдау туғызуда. Аймақтың құпиясы ашылған әрбір ескерткіші Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алып отыр. Олар: ежелгі палеолиттік Сарыташ шығанағы шеберханалары, тас дәуірінің аяғы кезеңді Қосқұдық кешенді елді мекені, қола дәуірінің қала типтес Тоқсанбай, Айтман ескерткіштері, Бәйте 1-3, Қызылүйік, Тасастау, Қайнар, Әурентөбе, Соққы, Ақпан ерте темір


Толығырақ

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28