Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз

Қасиеттi Маңғыстау өлкесi ескерткiштерiнiң тарихи, ғылыми маңызы зор екенi баршамызға мәлiм. Қашанда  мәдениетi  жоғары  тарихи  танымы  орнықты,  ойы  сергек  елдiң  рухы  да  биiк болары  сөзсiз.   Осы  орайда  елбасымыз  қабылдаған “Мәдени  мұра”  бағдарламасы – мәдениетке  деген  көзқарасқа  маңызды  жоба  болып  отыр. Өңiрдiң тарихи-мәдени  ескерткiштерiнiң  көпшiлiгi кең  байтақ  даламыздың әр түкпiрiнде шашырап  орналасқаны  белгiлi.  Республикамызда  25  мыңнан  аса  тарихи-мәдени  ескерткiштер  болса,  оның  12 мыңнан  астамы  бiздiң  өлкемiзде  кез-келгендi  таңқалдырарлықтай  қайталанбас  үлгiлерiмен  ерекшеленедi.  Маңғыстау ескерткiштерi тас дәуiрiнен берi бүгiнгi күнге дейiн сақталып қалуының себептерi, олардың құрылысында баяғы замандардан берi ғұмыры мыңжылдық табиғи тасы кеңiнен пайдаланылған. Мемлекеттiк қорғаудағы 449 ескерткiштiң 1/4-не жуығы түпқараған ауданында орналасқан, осы аудан орталығы Форт-Шевченко қаласындағы азаматтық-сәулет, тарихи-мұраларымызға тоқталып өтейiк. 

Форт-Шевченко-Ақтау қаласынан 130 шм солтүстiк-батыс бағытта, Каспий теңiзiнiң жағасында орналасқан. Маңғыстау тарихи ескерткiштерiнiң арасында ерекше орынды Форт-Шевченко мұражай қаласы алады, кең-байтақ даламыздығы ескерткiштерiмiз өз алдына, қаланың өзiнде 15-тей азаматтық-сәулет ескерткiштерi шоғырланған. Бұл жердiң әрбiр сүйемi бiр-бiр сыр шертедi. Украин халқының ұлы перзентi Тарас Шевченко аз ғұмырының жетi жылын осы жерде айдауда өткiзген. Мұнда поляк халқының ойлы перзентi, тамаша суретшi Бронислав Залесский, ғалым-геолог Н.А.Андрусов, геогроф П.П.Семенов-Тянь-Шанский, этногроф Рихард Карутць, орыс натуралисi, академик М.М.Бэр, жазушы А.Ф.Писемскийлер болған. Осы жер арқылы Ақтөбе майданына 1918 жылы Әлiби Жангелдиннiң интерноционалдық отряды өткен. Фортқа 1919 жылы Кеңес өкiметiнiң көрнектi қайраткерi С.М.Киров келген. Қалалық мәдениет үйi маңындағы шағын үйде қазақтың тұңғыш атты әскер полкiнiң комиссары Төлесiн Әлиев тұрған. Оған таяу, бұрынғы уездiк кеңсе баспалдағына қатыгез заманнан шапағат көрмеген  ғашықтар Ақбөбек пен Қайыптың көз жасы тамған. Рухани асыл қазынамыз – “Қырымның қырық батыры” жырының негiзiн салған жыраулар атасы Сыпыра жырау өмiрiнiң бiраз жылы осы түбекте өткен. Бұл жерде түрiкмен сазгерлерi Дәулетияр мен Хатам шайырлар болған. Теңiз беттегi аласа үйде “Қырық батырды” Сыпыра жыраудан бес ғасыр кейiн жырлап бiздiң заманымызға ұластырған ұлы жыршы – Мұрын жырау өмiр сүрген. Мұрын жыраудың тұрған үйi Форт-Шевченко қаласы Е.Өмiрбаев көшесi №10 үй. 

Қазақстан үкiметi 1925 жылы Новопетровскiде айдауда болған украйн халқының дана ұлы Т.Г.Шевченкоға ескерткiш мұражайын ашуға қаулы қабылдады. 1932 жылы 1-мамырда мұражай ресми түрде ашылды. Ол бекiнiс коменданты И.А.Усковтың 1853 жылы 19 сәуiрде Т.Г.Шевченко атындағы республикалық ескерткiш мұражай комплексiне айналды. Комплекс құрамына ақынның өз қолымен отырғызылған ағашы, ақынның жер үйi, бақтағы ағашты суаратын екi құдық, шығыр, жер үй алдындағы тастан жасалған стол 1881 жылы орнатылған ақын ескерткiшi кiредi. Т.Г.Шевченко мемориалдық комплексi 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттiк қорғауға алынды. 

ХIХ ғасырдың ортасында Баутино елдi мекенiне алғаш қоныстанушылардың  легi келе бастады. 1849 жылы қоныс аударушылардың 15 орыс отбасы Орынбор губерниясынан келдi. 1884 жылы поселка Николаевскi станицасы болып атала бастады. 1921 жылы Николаевскi станицасы Ревалюциялық кеңесiнiң төрағасы А.Е.Баутиннiң құрметiне Баутин поселкесi деп аталды. Жыл өткен сайын қоныстанушылар көбейе түскен. Солардың бiрi адал еңбегiмен, адамгершiлiгiмен ортасына сыйлы, жергiлiктi халықтың ризашылығына бөленген, балық өнеркәсiпшiсi тарихи тұлға Захар Дубский. З. Дубскийдiң өзiнiң, қызының, станицасының бай тұрғыны А. Шамониннiң үйлерi мен кезiнде шебер құрылысшы болып, Форт-Шевченко қаласының көптеген  сәулеттi үйлерiнiң құрылысына белсене қатысқан I.Серiкбаевтың үйi қазiргi таңда Маңғыстаудағы азаматтық сәулет ескерткiштер тобын құрайды. Форт-Шевченко қаласы М.Әбдiхалықов  көшесiндегi № 58 Iдiрiс Серiкбаевтың тұрғын үйi 1982 ж республикалық мәртебеде мемлекеттiк қорғауға алынды. 4 бөлмелi үйдiң қасбетi әсем өрнектермен қашалған, үйдiң қабырғалары саз балшық араластырылып өңделмеген тастардан қаланған. Маңғыстаудың сәулет ескерткiштерiнiң iшiнде сирек кездесетiн түрi. 1851 жылы орыс патша әскери әкiмшiлiгiнiң күшiмен кемелер бағытын анықтау үшiн салынған  Жоғарғы және Төменгi маяктар қазiргi таңға дейiн стратегиялық мағыналы навигациялық обьект ретiнде пайдаланылады. Дубский бақшасы Форт-Шевченко қаласы Аташ кентiнен 8 шм солтүстiк бағытта орналасқан. Ескерткiш тау етегiнде, теңiз жағалауына жақын 10 г  жердi қамтиды, өлкемiздегi ерекше табиғи мұраларымыздың бiрi. 19 ғ-да бұл жерде жартасты жарып ағып жатқан мол сулы бұлақтың айналасына жергiлiктi халық егiн егетiн болған. Кейiн орыс көшпендiлерiнiң арасынан шыққан бай, балықшы Захар Дубский сатып алып, ол жерге Ресейден алдырылған жемiс ағаштарын өсiрiп, өзiнiң демалыс уйiн салған. Совет өкiметi орнағаннан кейiн бұл жерде жетiм балаларға арналған интернат, соңғы кезеңде мектеп оқушыларының жазғы демалыс уйiне айналған. З.Дубский жергiлiктi халықтың ризашылығына бөленген, қадiрлi азамат. Оның әдiлдiк пен мейiрiмдiлiк iстерi туралы ауызша-жазбаша деректер сақталған. Дубский бақшасы 2003 ж. жергiлiктi дәрежеде мемлекеттiк қорғауға алынды. Туристiк маршруттарда халық кеңiнен пайдаланатын тарихи және табиғи ескерткiш. Сонымен қатар қалада көптеген тарихи ғимараттар: екi кластық орыс-қазақ оқу орнының ғимараты, 1891 жылы Хиуа жорығының  20 жылдығына орай салынған ғибадатхана, байланыс үйi (1810 ж), сот үйi (1850 ж), қазақ халқының соңғы жырауы Мұрын Сеңгiрбаевтың тұрғын үйi тарихи ескерткiштер ретiнде мемлекеттiк қорғауға алынды.

Новопетровский бекiнiсi 1846 жылы бой көтерген. Күнi бүгiнге дейiн  бекiнiстiң тау басындағы орны, iзi, заттық деректерi сақталған. Бекiнiстiң қалдықтары  Түпқараған ауданында Форт-Шевченко қаласының шығысында Қорғантас тауының үстiнде орналасқан. 1846 ж Ресей патша үкiметi Каспийдiң шығыс жағалауын отарлау саясатының барысында салынған.  Бекiнiс Форт Александровск қаласының және Николаев станциясының пайда болуына себеп болған. 19 ғасырдың II-шi жартысы – 20 ғасырдың басындағы елеулi оқиғалармен тарихи тұлғалармен байланысты тарихи орын. Қазiргi таңда туристiк маршруттарда кеңiнен пайдаланады. Бекiнiстiң қоршауының, гарнизондық казармалардың, батареяның, әкiмшiлiк және шiркеу ғимараттарының күйреген қабырғалары, жартасты қашап орналастырылған арба жолдары сақталған. Бекiнiстiң жалпы құрылысы үшбұрыш, теңiзге қараған ұшпа басына төрт бастион орнаған, екi шеткiсi - өте биiк, қос қабат. Ортадағы екi бастион – жарты бастион деп аталған.Төртеуiнiң үстiнде ол кездегi  қыр халқының қатты қорқатын қаһарлы құралы-пушкi орналасқан. Бекiнiстiң екi ұшы шыңға тiрелген. Бекiнiс табиғи плитасының енi екi құлаш, ұзыны 620 қадам, атты әскерге қарсы тұрғызылған. 1893 ж бекiнiстiң қасына патша Александр II-нiң шойыннан құйылған бюстiсi орнатылды. 1867-70 жылдары Адай көтерiлiсi кезiнде жергiлiктi халық оны өртеп жiберген. Сондықтан бұл бюсттi тұрғындар кейiн “Күйiк патша” деп атаған. Қазiргi уақытта Хиуа жорығына қатысқан офицерлердiң аттары жазулы ескерткiштiң постаментi қаланың мемориалдық паркiнде тұр. Новопетровск бекiнiсi 2004 жылы жергiлiктi мәртебеде мемлекеттiк қорғауға алынған.

Ресей үкiметi Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауын игеру мақсатында 1716 жылы 1- Петр нұсқауымен Бекович Черкасский осы жерде «Әулие Петр” қамалының iргетасын қалатқан. Генерал В.А.Обручев басшылығымен штабс-капитан Иванин салдырған Новопетровск бекiнiсi 1846 жылы бой көтерген. 1846 жылдан Новопетровск бекiнiсi 1857 жылдан Форт Александровск, кеңестiк кезеңнiң алғашқы жылдарында Форт-Урицкий,1939 жылдан Форт-Шевченко аталған бұл қала – тарихи мекен. 1882 жылы Форт-Александровск Маңғышлақ уезiнiң орталығы болады. 1896 жылы оған қала атағы берiлдi. 1939 жылы  Т.Г.Шевченконың 125 жыл толуына байланысты, Форт-Александровскi Форт-Шевченко  аталды.

Бұл жерде орта ғасырларда Европа мен Орта Азияны байланыстырған сауда базасы – Кетiкқаласы орналасқан. Жүргiзiлген археологиялық бақылау жұмыстарының нәтижесiнде бекiнiс ауласынан Кетiк бекiнiсiнiң 14-16 ғасырларда және Алтын Орда мен экономикалық байланыстары болғанын көрсететiн көптеген керамика, фарфор ыдыстар, құмыралар, мыс теңгелер, әртүрлi металлдардан (темiр, қола, мыстан) жасалған бұйымдар табылды. Орталық Азияның, Қытайдың, Парсының керамикалық ыдыстарының сынығы бұл қаланың үлкен керуен жолдарының түйiскен жерi, маңызды сауда орталығы болғанын айғақтайды. Керуен сарайдың орны табылды. Қала 14-ғ-ң 2-жартысында Венециядан келген көпес сызған картада бейнеленген екен, ол картада Кетiкқала «Мелмеселлаж» деп берiлiптi. Форт-Шевченконың аумағында Кетiкқаладан басқа  Қорғантас деген қаланың орны табылды. Қорғантас деп бiз 1747 ж. Новопетровск бекiнiсiн салған полковник Ломакин сызған картадағы атымен айтып отырмыз. Жүргiзiлген қазба жұмыстары орыс қамалы iс жүзiнде сол Қорғантастың қорғанын қайталанғанын анықтап бердi. Бiрнеше ғасыр бұрын салынған қамалдың планы орыс инженерлерiнiң көңiлiнен шыққан. Сол кездердегi әскери жазбаларда Қорғантас жайлы мәлiметтер де бар екен. Бiрақ Қорғантас одан екi еседей үлкен болған. Жоғарыдан төмен қарай бiрнеше террас-баспалдақ тәрiздендiрiп, алаңқайлар салып, сол алаңқайларға үйлер орналасқан. Құрылыс салудың мұндай тәсiлi Маңғыстаудың басқа жерiнде кездеспейдi.

163 жылдық тарихы бар Форт-Шевченко қаласы аймағындағы ортағасырлық Кетiкқала қалашығына 2008 ж. археолог-маман А.Астафьевтiң жетекшiлiгiмен зерттеу жұмыстары жүргiзiлдi.  Кетiкқала қазiргi Форт-Шевченко мен Аташ кентiнiң арасында, тау етегiне жақын орналасқан. Жалпы көлемi 15-16 гектар болатын, қала орнынан сол замандағы әзiрбайжан, түркмен ақшалары табылды, демек Кетiкқала өз дәуiрiнiң үлкен порттарының бiрi болған. 

Түбек тарихын жаңғыртуда аса маңызды ескерткiштер Кетiкқала мен Қорғантасқа аймақтық «Мәдени-мұра» бағдарламасы аясында алдағы жылдары қазба жұмыстары жүргiзiлетiн болады деп жоспарлаудамыз.             

Құрметтi жерлестер, киелi жерiмiздiң байлығы ортақ, лайымда iсiмiз алға басып, ескерткiштерiмiз ескiрмей, тарихи-мәдени мұраларымыз жаңара бергей!

Жаңаева Раушан 

     Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорықтың бөлiм меңгерушiсi 

Жарияланған күні: 6 мамыр 2009




7 наурыз 2018

Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!

14 қараша 2017

Тарихын тасқа жазған шеберлер

20 қазан 2017

Мұнарлы төбе, мың белес

18 желтоқсан 2015

Маңғыстау ғашықтары

18 мамыр 2015

Өлі риза болмай, тірі байымайды

5 қазан 2011

Дана халқымның дара тұлғасы СҰЛТАН ЕПЕ

23 мамыр 2010

Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы

6 мамыр 2009

Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз

15 сәуір 2008

18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні

9 қаңтар 2007

Үйтолы ата мешiтi

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28