Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы
Қасиеттi Маңғыстаудың түкпiр-түкпiрiнде шашырап орналасқан құнды мұраларымызды қорғайтын «Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық» мекемесi 1980 жылдан берi жұмысын жалғастыруда. Қорықта «Археология», «Ескерткiштердi есепке алу және қорғау», «Архитектура», «Экскурсия-көпшiлiк» және «Қор» бөлiмдерi жұмыс жасайды. Қорық мамандары белгiлi аталарымыз, ескерткiштер туралы тарихи-этнографиялық деректер, аңыз-әңгiмелер жинап, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысып қорық жұмысының жаңалықтары жайында мәлiметтер берiп, өлке ескерткiштерiн насихаттау басты жұмыстарымыздың бiрi. Осы мақсатпен Маңғыстаулық ақпа-төкпе ақын, мол парасат иесi, тарихи шежiрелердi терең бiлетiн, әрi көрiпкел әулие Түмен-атаның Ақтау қаласында тұратын ұрпағы- Мұқаш Боранұлына үстiмiздегi жылдың 10 маусым күнi барған едiм. Ақын туралы Мұқаш ағамыздан алынған мәлiметтердi қаперiңiзге ұсынсақ;
Түмен Балтабасұлы - 1885 жылы Маңғыстаудың Бозашы (Ақшымырауға жақын Көктөбе, Қарақұдық жерiнде) түбегiнде дүние келген. Ақынның балалық шағы Ақшымырау мен Қызан өңiрлерiнде өткен. Түменнiң әкесi Балтабас, аталары- Байғара, (ел оны Бәйем деп атаған.) Тiлеулi де дәулеттi кiсiлер болған.
Түменнiң кәрi атасы Байғара көрiпкел, түс жорығыш әулие кiсi болыпты. Суық күз. Шешемiз Түменге жүктi кезiнде Балтабас жеңiл отау алып, келiншегiмен екеуi қой отарымен бiрге көшiп кетiптi. Атасы Байғара Балтабасқа: «Келiн аман-есен босанар, ұл балалы болады. Баланы шомылдырмай, ауыздандырмай, жылы орап, келiнмен бiрге алып келiп көрсетерсiң» деп тапсырыпты. Келiн босанған соң атасының айтқанындай, келiндi де, баланы да алып келiп баланы орауымен атасының қойнына салыпты. Байғара атаның көзi көрмей қари болып қалған кезi екен, баланың орауын шештiрiп, әр жерiн сипай-сипай келiп, «Баланы шомылдырып, ауыздандыра берiң, өзбек Түмен болмағанмен өзге Түмен болар, атын Түмен қойдым» дептi.
Түмен бала кезiнен ерекше көзге түседi, естiгенiн ұмытпайды екен. Ауыл молдаларынан (Қарамолда) араб-парсы, түркi тiлдерiн, құранды оқып үйренген. Кейiн өз бетiмен арабша, латынша, осы күнгi орыс алфавитiмен де оқитын және жазатын сауатты болыпты. Кезiнде қағазға түспегендiктен қазiр сақталмаған, уақытында ауызша жаттап айтатын адамдар болған. Замандастары Түйте Өтесбайұлы, Бектiлеу Дамолла Санамасұлы, Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы, Ержан хазiрет Төлегенұлы т.б ғұламалармен бiрге медреседен бiлiм алады. Абыл, Нұрым, Қалнияз, Қашаған, Ақтан, Аралбай, Әбубәкiр Кердерi, Мұрат Мөңкеұлы, Сәттiғұл сынды жүйрiктерiнiң үлгiсiмен сыр кестелеп, жыр дестелейдi.
Әкесi Балтабастан жетi қыз, төрт ұл тарайды. Ұлдары- Шақпақ, Сейiл, Түмен, Емен. Шақпақтан-Қосылған, Шыңғыс. Сейiлден-Боран, Байбөрi, Жайберген. Бораннан-Мұқаш, Мұқтас, Қасым. Еменнен-Айым, Қанай. Сейiл- Түпқараған ауданындағы Қаңға-баба қорымында, Шақпақ, Түмен, Емен ушеуi Итолыда жатыр. Түмен атаның балалары- Жемiс, Бiрлән, Қамза, Моншақ, Ләйлi, Орысбай, Тындырған, Сайын. Қазiр Бiрлән-Қызанда, Ләйлi- Таушықта, Моншақ- Ақтау қаласында тұрады. 1942 жылы ұлы- Сайын өлгеннен кейiн «Ендеше тақтұқ болмаған нем қалды» деп буулы жатқан жыр бұлағын ағытып, баласы Сайынға арнауын күңiрене отырып, көз жасын төгiп жiбередi. Маңғыстауды жайлаған жаппай кезiк iндетiнде өзi де, баласы да ессiз жатыпты. Сайынның қайтыс болғанын үшiншi күнi еме-жарқы сезген. Сайынның өлiмi өн бойын езген кезiктен қатты соққы болып, өзiнiң есiн, бойынан күшiн алып есеңгiретiп кеткенiн егiлiп отырып айтқан екен:
Жас алпысқа келгенде
Артымнан ерген ес едi.
Жазымы көп жалғанның-
Болмады кiмге кеселi?
Тимедi кiмге кесегi?
Естен кетпес ергiзде
Айтқан сөзi адамға
Қарақанат қаршығам-
Қанатымның кешегi.
Апрельдiң төртiнде,
Қарағым Сайын, қайтейiн,
Қазаның аштың қақпағын,
Кiм көрген жоқ кезiнде
Жалғанның жалын жаққанын?
Сәрсенбi күн сәскеде
Босағамнан аттадың.
Түмен-ата қасиеттi Бекет-атаны пiр тұтқан сопылық жолды ұстанған, намаз оқып, зiкiр салғандарын көрдiк дейдi-ұрпағы Мұқаш аға. Көптеген ауырған, дуаланған адамдарды құран оқып емдеген.
Түмен-ата өмiр өткелдерiнiң талай тауқыметiн, тар-тапшылығын көрiп, ауыр тұрмыс еңсесiн езiп өскен. «Халық жауы» атанып, ҚарЛАГ-қа жер аударылады. Өмiрден көп түйiп, көптi көрген, адамның бәрiне сенгiш, аңқылдақ ақкөңiл, бала мiнездi, бай парасат иесi болған. Осы аңқылдақ ақкөңiлдiлiгiмен «молда» деп сотталса, кейiн көрген түсiн, жоруын айтам деп «немiс фашизмiнiң шпионы» аталып 16 жылға сотталып, лагерьге айдалады. Кетiп бара жатырғанда Башақы жеңгесiне 6 жылым көп болар, 6 күнiм аз болар, 6 айда осы үйге келiп дәм татам дейдi. Лагерь бастығының Мәскеу, Ленинград қалаларының дәрiгерлiк ғылымдарының докторы, академиктерiнен дауасы түспей, ендi өмiрден күдер үзiп, жатқан талма аурулы әйелiн оқып емдеп жазды. Лагерь бастығы үйiне шығарып алып, оны құдайындай сыйлайды. Қолына «ақталды» деген құжатын берiп, елге жiбередi. Кетерде Башақы жеңгесiне 6 ай шамасында елге оралармын деген болжамы дәл келдi- деп айтады қарттар.
Таушық елдi мекенiнiң батыс шетiндегi Сарқаспақ дөңiнiң үстiнде орналасқан Үйтолы қорымы. Қауымдағы бас әулиенiң бейiтi осы Үйтолыныкi. Адайдың мұңал-күшiк руынан шыққан Үйтолы XIX ғасырдың орта шенiнде өмiр сүрген кiсi, тiрi кезiнде-ақ атағы шыққан кiсi, ол туралы, оның аруағының демеу болғаны туралы әңгiмелер Таушық-Жыңғылды өңiрiндегi ел аузында таралып сақталған. Қорымда XX ғ. жаңа заман кезеңдерiн қамтитын 400-ге жуық қойылымдар орналасқан. Қазiргi заманғы қойылымдармен араласа уақыты XX ғ. мен белгiленетiн қайрақ немесе ұлу тастардан қаланған тас қоршаулар, табантастарға орнатылған үштастар, жоғарғы бөлiгi шар тәрiздi ағаштан жасалған құлпытастар, тас белгiлер сақталған. Қорымнан оңтүстiк-батыс бағытта 400 м-дей қашықтықтағы терең сайдың айқасқан қабатынан салынған Үйтолы мешiтi (XIX ғ. деп шамаланатын) мергель жартастарынан қашалған. Мешiт құрылысы 4 камералық бөлiктен және жартылай ашық қалдырылған кiрiс дәлiзiнен тұрады. Сайдың солтүстiк-шығыс бағытына қарай жалғаса қашалған бөлмелердiң орташа биiктiктерi 2,5 м болып келедi. Ескеркiштердiң тарихи-мәдени құндылықтарына байланысты 2006 жылы Үйтолы қорымын ескерткiштердiң жалпы тiзiмiне енгiзiп, жерасты мешiтi мемлекеттiк қорғауға алынды. Ақынның «Құдiретi күштi кең Алла» деген өлеңiнiң соңғы жолдарында өлген күнi тiлегiм, Итолыға қойыңдар-деп жырлайды. 1957 жылы желтоқсан айында өмiрден бақилық болады. Өзi айтқандай артында қалған ағайын-тумалары Итолы қауымына қояды. Ақынның 1994 жылы 110 жылдығына ас берiлiп, кесене тұрғызылды. Авторы-сәулетшi Мақсұт Нұрқабаев Сұлтанұлы.
Жаңаева Раушан
Экскурсия-көпшiлiк бөлiмiнiң меңгерушiсi
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023