Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
Маңғыстау облысы – тарихи-мәдени мұраларға бай олке. Қасиетті өлкеміздің тау-тасы мен ақар-шақар шыңдарын, көкжиегіне көзің жетпес созылып жатқан Үстірт кеңістігін, бұл дүниенің тұрлаусыз екенін дәлелдейтіндей баянсыз сусыма құмдарын қанша араласақ та шеті таусылар емес, аңыз, шежіресінің түбіне жету мүмкін емес. Алдағы уақытта киели нысандар Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы аясында қорғалатын болады.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өңірлік киелі орындарды тізімдеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жалпы республика бойынша 500 жергілікті маңызы бар қасиетті орындар жобасы дайындалған. Бұл тізімге Маңғыстау облысы бойынша жергілікті маңызы бар 28 киелі нысан енгізілді. Соның бірі Қыдырша ата қорымы Маңғыстау ауданы, Төлеп селосынан 86 км оңтүстік-шығыс бағытта, аласа жотада орналасқан. Қорымда 35 нысан бар. Қорымның орталығында кесектен қоршалған тас қоршау орналасқан. Қоршаудың батыс қабырғасының ішінде мата байланған «сырық ағаш» орнатылған. Осы бөлікте кірпіш қоршаудың артында жазуы бар осы заманғы құлпытас орнатылған. Онда «Адай руы, Бегей тайпасы, Қосаяқ ауылының азаматы Жылқыбай ұлы Қыдырша 1829-1915 жж» деген жазуы бар. Қоршаудың солтүстік-шығысында сағанатам орналасқан. Ескерткіш жоспар бойынша тікбұрышты, әкті-құмтастан ірге тассыз, цокольды белдікте қаланған, үш қабатты құрылымды және орта тұсында тас қаламасы бар. Есік қуысы оңтүстікке қараған. Шығысында №1 сағанатамға ұқсас тағы бір сағанатам бар, батыс қабырғада жазуы бар құлпытас орнатылған. Қорымның сол бөлігінде стелалы тас қоршау және үйлесімді құлпытас пен қойтас орнатылған.
Қыдырша Жылқыбайұлы - сынықшы, емші. Жылқыбай деген кісінің сегіз баласы болған. Қыдырша ата сол сегіз баланың кенжесі екен. Ол сынықты қолымен ұстап салмаған. Қандай күрделі сынық болса да, босағадан аттағанда сынық орнына түседі екен. Ол кезде көбіне сынықтар шыңырау тазалағанда, аттан жығылғанда ұшырасқан. Неше күндік жолдан Қыдырша ата сыныққа жүріп бастағаннан сынық орнына түсе бастайды екен, келгенше тас-талқан болып қалған сынған жерлері біртіндеп түсіп, сүйегі сынған адам тыныш ұйқыда жататын болған. Бірде қырықмылтықтың баласы Жылқайдараттан құлап, ортан жілігі сынады. Содан Қыдыршаны алып кел деп екі атпен адам жібереді. Сол атты адам Қыдыршаның жанына жетті - ау деген кезде баяғы зар еңіреп жатқан адам ұйықтады дейді. Қыдырша ата келіп басқа үйге түседі. Сол түнде аяғын қимылдатады. Содан келгесін ал болды енді бір мал садақа тарата қой депті. Ауылына бір мал сойып, еті енді пісті-ау деген кезде, ал енді Жылқайдарды оятыңдар дейді. Ау ол қалай келеді, ортан жілігі үзіліп жатқан адам, демей ме. Әй, оята беріңдер, тұрады ғой деген. Оятқан кезде тұрып келіп бірден қолға су құяды.
Бірде Қыдырша атамыз Сәтей бидің ауылының қасында бір топ жолдастары бар, түс қайта қыдырып келіп түсіп жатады, ауыл жігіттері ат байлайды. Қыдырша атамыздың атын сол кезде жас жігіт Абантай Текешұлы байлайды. Қыдырша атамызға бұл жігіттің қимыл-әрекеті, кішіпейілділігі ұнап қалады. Ертесіне аттанарда Абантай Қыдырша атамызды атқа мінгізеді, сол кезде ата аттан қайта түсіп жерге отыра кетіп, Абантайға бата береді. Абантай Қыдырша атамыз кеткесін үш-төрт күннен соң-ақ сынық сала бастайды. Бұл кісі де құдай берген адам еді, сынықшы, із кеседі, құмалақ салады.
Ата әруағы ұрпақтарына жалғасып келеді. Қыдырша атаның баласы Аяған атаның да әулиесіне түнегендердің сынығы орнына келеді дейді. Бірде Алматылық атақты күйші, композитор Шәміл Әбілтаев ол туралы естіп, аяғын сындырып алып балдақпен жүргенде, Аяған ата басына келіп түнеп, балдағын тастап кеткен (1993ж). Қыдырша ата 1915 жылы қайтыс болған.
Амантұрлы қорымы Бейнеу ауданы Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Қорым алғаш рет 1985 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Қорым кішігірім дөңнің үстінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан күмбезтам, 2 сағанатам, 6 құлпытас, 3 құлпытас, қойтас, 3 құлпытас, тас қоршау, 2 қойтас және сандықтас, 1 құлпытас мемлекеттік есепке алынған. Қорымдағы ерекше көзге түсетін ескерткіш Амантұрлы батырға арнап қойылған күмбезтам. Күмбезтам жоспарда тік төртбұрышты іші-сырты өңделген плита тастардан, ортасы өңделмеген тастармен қаланып, бірсатылы белдікке орнатылып, дулыға тәріздес күмбезі шығарылған. Күмбезтамның маңдайшасы ою-өрнектермен, безендіріліп жасалған, кіреберіс ойығы тіктөртбұрышты келген. Кіреберіс ойығының жақтаулары шығыңқы ойылып жасалып, ою-өрнектер қашалып салынған. Күмбезі өңделген плита тастармен көмкеріліп жабылған төбесіне әйкелтасы орнатылған. Қорымда орналасқан кіші пішінді сәулет ескерткіштер ою-өрнектермен көмкерілген, рулық таңбаларда кездеседі. Амантұрлы тарихи тұлғалардың бірегейі- Қосқұлақ руының Жаналы тайпасынан шыққан батыр. Өз тұсында елін, жерін сыртқы шапқыншылардан қорғаған батырлардың бірі.Амантұрлы батырдың аруағына жергілікті халық бас иген. Батырдың өмірден өткендігі туралы екі дерек бар. Біріншіден қанды шайқаста қаза тапса, екіншіден аты орға құлап бетін қан жапты делінеді. «Бейнеу» атты кітапта оны 1932 жылдары Даукескеннің қамалында қаза тауып, сүйегін келесі жылы әкелініп, осы жерге жерлеген дейді.
Қорымда орналасқан ескерткіштердің аудармасы бойынша: Құлпытас: Адай руы Қараш тайпасы Нұрлыбек немересі Науышбай баласы Бектұрған уфат 5 жасында 1881 санында.
Құлпытас: Адай руғы Мұңал тайпасы Қосқұлақ Жаналы Атағұл Серен баласы Амантұрлы батыр жәуміт жауынан уфат 35 жасында 1861, жаздырды баласы Ақмамбай.
Құлпытас: Адай руғы Мұңал тайпасы Нәуірзек бөлімі Амантұрлы баласы Дәуіт 28 жасында уфат болды- деп жазылған.
Ертеңгі күннің ел тізгінін қолына ұстар жас ұрпақ санасына ізгіліктің дәнін егіп, рухани адамгершілік құндылықтарын арттыруға тарихи-мәдени ескерткіштердің рөлі зор. Осыған орай сонау ата-бабаларымыздан сакталып жеткен тарихи мұраларымыздың маңыздылығын сактап, бағалап, аса зор құрметпен әлемге таныту туған жерін, елін мактан ететін барша азаматтардың міндеті деп тұжырымдаймын.
Мақаланы дайындауда Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат қорынан деректер пайдаланылды.
Жаңаева Раушан
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық» маманы
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023