Маңғыстау ғашықтары

Тарих тереңіне сүңгіп алыстаған сайын ерекше оқиға аңызға айналады. Өткенге көз жүгіртіп қарасақ, әдебиетте жалындаған махаббатымен өзіндік ерекше орын тапқан қос ғашықтар сан алуан. Қос ғашықтар махаббатындай үлкен өмір дастанына айналған  оқиғаны белгілі жазушылар ән-жырға қосып, оларға арнап бірнеше пьеса, поэма шығарған. Осындай оқиғалардың куәсі болар болсақ бұл Маңғыстау өңірін мекен еткен буырқанған сезімдерімен де, бір болар арман тілектерімен де арпалысқан қос ғашықтар да аз емес.

Маңғыстау тарихының жарқын беттері мен айтулы оқиғаларының халық жадында өшпестей жатталып, кейінге ауызша мұра боп жетуі болса, енді бірі таңбасына тасқа қашап, оюмен ойып өрнектеп, сәулеті сәніне жарасқан ғажайып ескерткіштерді орнатуы болды. Тарихын таспен өрген мөлкедегі дала кемесіндей дараланған ескерткіштердің біртуар дара тұлғаларға арналғаны даусыз. Солардың бірі-Маңғыстау  ғашықтарының басына орнатылған ескерткіштер. Маңғыстау сынды өлкенің арманда кеткен ғашықтары Құрымсы-Кежек, Ақбөбек пен Қайып, Ақшора-Белтұран, Асалы-Көкетай, Қаработа-Дөңқара сынды ғашықтар туралы ел ауызындағы деректер мен аңыздар, бұрын соңды баспа бетін көрмеген мәліметтермен жады  мықты көнесөз қарияларымыз шерткен әңгімелер жинақталып, жүйеленді.

Маңғыстау ғашықтарының тағдыр-тауқыметінің ащы суынан бал татқан ғашықтарының бірі-Ақшора-Белтұран.

Аңыз әңгімелер бойынша Маңғыстау өңіріне жеті ел келіп, жеті ел кеткен делінеді. Сол сияқты кең құшақты Маңғыстау өңірі Таласбай мен Дүрді Қылышқа мекен болған.  Олар өз уақытында көрші болып, бір-бірімен тату да, тәтті өмір кешкен. Олардың арасындағы кекілжін, алакөзділік балаларының таныстығынан басталды. Сол болған жәйтқа тоқталсақ: 

Таласбайдың ұлы Ақшора мен Дүрді Қылыштың  жалғыз қызы Белторан өзен жағасында кездесіп, сол кезден бір – бірін ұнататындарын сөзсіз түсінеді.  Соны байқаған Таласбай ауылы қос ғашыққа тіл қатпасада, олардың бір болуын қаламаған Дүрді Қылыш бір түнде көшіп кетеді. Баяғы әдетіне салған Ақшора өзен жағасында Белторанды күтуде, ал қыз бөтен жерде қамығып қайғыруда. Әкесі қызының бақыты үшін дәулетті отбасынан шыққан жігітке ұзатпақшы. Ол хабарды естіген Ақшора ғашығының артынан іздеп барып, күн қияға батар шағында қос ғашық аттарына мініп қашады, оларды байқаған Дүрді Қылыш арттарынан қуғыншы жібереді, қуғыншылардан құтыламыз деген оймен Белторан мен Ақшора таудан секіріп, сол жерде өздерін мерт қылады.  Қос ғашыққа ортақ болған өзенде тартылып, орнына қос мазар ғана көрінеді.  Міне, осылай қос ғашық бір болмастан өмірден өтті. Маңғыстаулықтар осы аңызды білгеннен бері, Ақшора-Белторан қос ғашық мазары деп атап кеткен. 

Ендігі кезек әдебиеттен ерекше орын алған Маңғыстау өңіріндегі арман-тілектері бір болған қос ғашық-Ақбөбек пен Қайыпта.

Ақбөбек – Қайып оқиғасы 19 ғ-дың жартысында Маңғыстау түбегінде өткен, өмірде болған, тарихи хал. Олардың махаббаты туралы аңыз әңгімелер Маңғыстауда кең тараған.  Қайып – қазақ халқының Маңғыстау өңірінен шыққан атақты сал-серінің бірі. Қайып пен Ақбөбекті бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайды. Маңғыстау жеріндегі дерек айтушылардың бәрі де, Ақбөбек пен Қайыптың Маңғыстау өңіріндегі оқиғасын ғана әңгімелемейді, Ақбөбек-Қайып оқиғасын білетіндердің бәрі оларды қадір тұтады. Әңгіме аяғы Қайыптың Бесқалаға, одан Тәжік жеріне, Ақбөбек үйінің Иранға кетуімен бітеді. 

Тағы бір айта кетеріміз сезімдері ұласқан, бүгінге дейін бірін-бірі әлі күткендей болып тұрған үнсіз куә Төңірекшыңның етегіндігі Асалы мен Көкетай күмбездері. Асалы – Көкетай күмбезі Бейнеу ауданы, Боранқұл (Опорный) станциясынан 50 шақырым солтүстік-шығыс бағытта орналасқан сәулетті ескерткіш.  Тарихи-этнографиялық деректерге сүйенсек, күмбез 19 ғ-дың басында қуғыншылар қолынан қаза тапқан қос ғашыққа арнап салынған. Бұлардыңда тағдыр – тауқыметі  айтылып өтен қос ғашықтар тағдырларымен ұқсас.  Көкетай атақты Дүйсенбай байдың қызы, Асалы сол байдың жылқышысы, кедей жігіт. Көкетай Табынға айттырылған Мамыртай руының қызы, ал Асалы Қаратоқа Жеменей руынан. Аралығы 12 шақырым қашықтықтағы қос күмбездің құрылысы бүгінде жақсы сақталған.

Сөзімді қорытындылай келе: Маңғыстау ғашықтарын болашақ ұрпақ жадында жатталып ұмытылмас үшін бұларды басын қосып, жинақ етіп шығару қажетті сезіледі. Бір-біріне деген махаббаттары өшпей, алыста жүрсе аңсап, сағынатын, сабылып-сарғаятын қос ғашықтар туралы аңыз – әңгімелерде аз емес, өмірде бірге болуды аңсап өткен ғашықтардың қазіргі таңда тек қана мен мұңдалап тұтатын мазары мен күмбездерін ғана көре аламыз және де махаббаттарының берік екенін, еш уақытта махаббат отының сөнбегендігін, жүректері тірі болмасада, арман – тілектері бір екендігін ұмытпаймыз . . .

Мединаева Эльмира  

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығының маманы 

 

  • Ақшора күмбезтамы
  • Белторан күмбезтамы
  • Ақшора-Белторан
  • Асалы күмбезтамы
  • Көкетай күмбезтамы
Жарияланған күні: 0




24 наурыз 2023

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ

2 сәуір 2021

Шежірелі Шерқала

5 наурыз 2021

Сүйінқара Үргенішбайұлы

5 наурыз 2021

Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері

18 сәуір 2020

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

6 ақпан 2020

АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

17 қаңтар 2019

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

17 қаңтар 2019

Қошқартас

17 қаңтар 2019

Асыл көзі

17 қаңтар 2019

Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық

9 қаңтар 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды

9 қаңтар 2019

Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті

31 қазан 2018

Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.

23 қазан 2018

Махтум баба мешіті

23 қазан 2018

Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді

23 қазан 2018

Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

23 қазан 2018

Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!

22 қазан 2018

Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді

22 қазан 2018

Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

22 қазан 2018

Дін және дәстүр

26 қыркүйек 2018

Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!

31 шілде 2018

Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары

2 шілде 2018

Асқақтай бер – Астана!

4 сәуір 2018

Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28