Өлі риза болмай, тірі байымайды
Толқын болып тербелген теңізі, санаулы бұлақ көздері мен тіршіліктің нәрі болған шыңырау құдықтары, рухы мәңгі өлмейтін 362 әулиесі, сан ғасырлық сәулет пішіндері щоғырланған қорымдықтары, ғажайып жер бедері бар Маңғыстау өлкесі небір ақын – жазушылардың көкірегін оятып, ғалым – зерттеушілердің көзін талдырған тамаша түбек қазақ халқының, одан әрі дала көшпенділерінің бағызы заманнан қоныс тапқан мекені болған.
Ел басымыз айтқан: «Қазақ халқының келесі бір ерекшелігі – оның тарихшылығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған» деген қанатты сөздерін еске ала отырып, рухани құндылықтарымыздың бір тармағы тарихи ескерткіштер болып табылады. Ежелден бабалар рухына табынып, аруақ сыйлаған иманды халықпыз. «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген қазақта нақыл сөз бар. Әруақ аттанған оңбайтыны ақиқат. Осындай ұстанымдарды үлгі еткен халқымыз қашан да ата-баба басына барып, құран бағыштауды өзіне бір парыз санаған. Қазақ «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Егер айта кететін болсам, Орта Азия мемлекеттерінде «Еске алу күні» деген бар. Бұл күні әрбір адам өмірден өткен әке-шешесінің, туған-туысқандарының басына зиярат етіп барады. Мұндай қасиетті жерлерге келген жақсы. Ата-бабаның қалдырған мұрасын жинап, ұрпақтан-ұрпаққажеткізу әрбір азаматтың парызы. Қазіргі таңда атадан қалған мұраны жөндеуден өткізіп, алғашқы қалпында сақтап қалу біздің міндетіміз. Туған өлке тарихына өскелең ұрпақтың қызығушылығын сезімін ояту мақсатында, былтырғы жылы мәдениет басқармасының бастамасымен «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген айдармен «Еске алу күні» өткізілген болатын. Осы орайда азаматтар өздерінің ата-баба бастарына барып, олардың аруақтарына арнап, құран бағыштап еске алады, тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Жыл сайын әулие басына үлкен ниетпен келіп, жан-жағын тазалап, құран бағыштап, тазалық жұмыстарын жүргізіп, тал егіп, абаттандырып отырса. Атадан-балаға мирас болып келе жатқан игі дәстүр әр азамат өзінің арғы аталарын, шыққан тегін білу арқылы халқының тарихын біледі. Өзінің оған қаншалықты қосар үлесін пайымдайды, ұрпағын әрі жалғастырып, аталар дәстүріне тәрбиелейді. Олар дәстүрлі дініміз қайсысы, ұлттық салт, әдет-ғұрыпымыз қайсысы, бәрін білетін болар еді. Ата-ана рухын қадірлеп, қастерлеу ісіне, бүкіл бала-бауырлар жұмырылдырылсажақсы болар еді деп ойлаймын. Биылғы игі бастама атадан-балаға ары қарай, «Еске алу күні» ретінде 30 мамыр күні белгіленсе нұр үстіне нұр болар еді.
Осы мақсатта, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері 30 мамыр күні Бердібек, Қошқар ата, Есмамбет, Қалипан қорымдарына зират етіп, тазалық жұмыстарын жүргізуді ұйғарды. Осындай игі істер одан әрі жалғасын тауып, дәстүрге айналады деп үмітенеміз.
Суйесинова А.К.
Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімінің маманы
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023