МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ - ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ
Біз үшін Отанымыздың әр сүйем жері қасиетті болып саналады. Азуын айға білеген жыраулардың жалынды толғауларында, жаугершілік замандарда үріккен елдің басына түскен зауалда «Елім айлаған» азалы жырларда, басына күн туып, ел іргесі сөгілген қаралы көштерде туған, кіндік кескен жерімен қоштасу өлеңдерінде, қазақтың қара өлеңінде және ақын-жазушылардың елдік рухты өлтірмейтін үздік туындыларында біздің киелі атамекеніміз әсем де терең суреттелген.
Арғы ата-бабаларының аруағын сыйлап, шежірелік деректерді шын қастер тұтатын біздің халқымыз әрбір тау-тасын, жазық даласын, үңгірін, өзен-көлін қасиетті, киелі деп санайды. Көшпелі өркениет топырақ пен судың қадірін біліп, жер түгін тоздырмау үшін көшіп-қонып отырған. Олардың туған жерге, жаратылыс құбылыстарына, табиғатқа деген дүниетанымдық көзқарасы, ықыласы таңғажайып көркем. Айнала қоршаған табиғатты тірі деп қабылдау, өз ұрпағын оған қиянат жасамауға тәрбиелеу қазақ халқының ырым мен тиымдары туралы түсінігінде тұнып тұр.
Малмен күнелткен бабаларымыз шаруашылығын табиғатпен үйлестіріп жүргізіп отырған. Осыдан барып туған жерге тағзым ету деген дәстүр қалыптасқан. Сонау бағзы заманнан ата-бабаларымыз киелі жерлерге тағзым етіп келді. Түркі, сақ дәуірлерінен жеткен аңыз-әпсаналар, тіпті тасқа қашап кеткен таңбалар да осы озық дәстүрді айғақтайды.
Ел мен Жер – рухани құндылықтардың арқауы. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі.
«Қазақстанның қасиетті орындары» ретінде ерекше қастерленетін табиғи-мәдени мұра, діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи-және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады. Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын, ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретінде көрінетін нысандар кірді. Қасиетті орындар жалпыұлттық деңгейлі және жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар болып бөлінді.
Еліміздегі барлық қасиетті нысандар бес топқа жіктелді:
1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі атанып кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлекет қарауында тұрған табиғи құбылыстардың нәтижесінде пайда болған орындар.
2. Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар. Бұл топқа қалашықтар, бекіністер, петроглифтер, қоорымдар, халқымыздың қалыптасуында ерекше рөл атқарған, Қазақ мемлекетінің, Ұлы Жібек жолының құрылуына ұйытқы болған ортағасырлық қалалар кіреді.
3. Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар. Бұндай қасиетті орындарды әулие феноменімен байланыстыруға болады. Түркі кезеңіне дейінгі дәуірдегі аттары аңызға айналған, көне түркі дәуірі және ортағасырлардағы, сонымен бірге ХІХ аяғы – ХХ ғасырдың басына дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды.
4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тарихында елеулі орын алатын, бүкіл өмірін қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың батырлары, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар туралы мәні зор орындар алынып отыр.
5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазақ даласында қазақ халқының бірлігі үшін болған шайқастарды, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты насихаттайтын, елдің бірлігін білдіретін ескерткіштер мен ел жадында өшпес із қалдырған қасіретті орындар мен қоғамның, мемлекеттің тарихында ерекше орны бар мемлекетіміздің жаңа нышандары еніп отыр.
Қасиетті жерлер мен нысандарды анықтап, өңірлерде жүргізіліп жатқан ғылыми-сараптамалық жұмыстардың бағыт-бағдарын, дәйектемесін жасау жұмыстары алға қойылылған. Территориялық жағынан әлемдегі ондыққа енген жас мемлекет болған соң бағзы бабалардан мұраға қалған ел мен жерді көздің қарашығындай мұқият сақтау – ұрпақтық асыл парызымыз.
«Қасиетті Қазақстан» қадамдары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы нақтыланды. Нәтижесінде 100 нысан жалпыұлттық деңгейде, 500 нысан жергілікті маңызы бар қасиетті орын тізіміне енгізілді. Соның ішінде атап айтар болсақ, Маңғыстау облысы бойынша 15 нысан жалпыұлттық, 28 нысан жергілікті маңызы бар қасиетті орын тізіміне енгізілді.
Бүгінгі жаңа заман ұрпағы, туған жер, елін сүйер жас буынды ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, туған өлке тарихын, табиғатын танытуды мұнаралы мұратымыз деп санадық. Қасиетті орындардың тізіміне енбей қалған нысандар әлі де бар болса керек. Болашақта киелі орындар тізімі толықтырылып, ізденіс жұмыстары одан әрі жалғасады. Жалпыұлттық тізімге енген нысандар алдағы уақытта ғылыми тұрғыдан да зерттеуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы қорындағы құжаттар.
2. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. Астана 2017.
3. Қасиетті Қазақстан 2 том. Астана 2018.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы «Экскурсия-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Яриханова Айман Керліқұлқызы
7 наурыз 2018
Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!
14 қараша 2017
Тарихын тасқа жазған шеберлер
20 қазан 2017
Мұнарлы төбе, мың белес
18 желтоқсан 2015
Маңғыстау ғашықтары
18 мамыр 2015
Өлі риза болмай, тірі байымайды
5 қазан 2011
Дана халқымның дара тұлғасы СҰЛТАН ЕПЕ
23 мамыр 2010
Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы
6 мамыр 2009
Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз
15 сәуір 2008
18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні
9 қаңтар 2007
Үйтолы ата мешiтi
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023