Өлі риза болмай, тірі байымайды

Толқын болып тербелген теңізі, санаулы бұлақ көздері мен тіршіліктің нәрі болған шыңырау құдықтары, рухы мәңгі өлмейтін 362 әулиесі, сан ғасырлық сәулет пішіндері щоғырланған қорымдықтары, ғажайып жер бедері бар Маңғыстау өлкесі небір ақын – жазушылардың көкірегін оятып, ғалым – зерттеушілердің көзін талдырған тамаша түбек қазақ халқының, одан әрі дала көшпенділерінің бағызы заманнан қоныс тапқан мекені болған.

Ел басымыз айтқан: «Қазақ халқының келесі бір ерекшелігі – оның тарихшылығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған» деген қанатты сөздерін еске ала отырып, рухани құндылықтарымыздың бір тармағы тарихи ескерткіштер болып табылады. Ежелден бабалар рухына табынып, аруақ сыйлаған иманды халықпыз. «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген қазақта нақыл сөз бар. Әруақ аттанған оңбайтыны ақиқат. Осындай ұстанымдарды үлгі еткен халқымыз қашан да ата-баба басына барып, құран бағыштауды өзіне бір парыз санаған. Қазақ «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Егер айта кететін болсам, Орта Азия мемлекеттерінде «Еске алу күні» деген бар. Бұл күні әрбір адам өмірден өткен әке-шешесінің, туған-туысқандарының басына зиярат етіп барады. Мұндай қасиетті жерлерге келген жақсы. Ата-бабаның қалдырған мұрасын жинап, ұрпақтан-ұрпаққажеткізу әрбір азаматтың парызы. Қазіргі таңда атадан қалған мұраны жөндеуден өткізіп, алғашқы қалпында сақтап қалу біздің  міндетіміз.  Туған өлке тарихына  өскелең ұрпақтың қызығушылығын сезімін ояту мақсатында, былтырғы жылы мәдениет басқармасының бастамасымен «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген айдармен «Еске алу күні» өткізілген болатын. Осы орайда азаматтар өздерінің ата-баба бастарына барып, олардың аруақтарына арнап, құран бағыштап еске алады, тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Жыл сайын әулие басына үлкен ниетпен келіп, жан-жағын тазалап, құран бағыштап, тазалық жұмыстарын жүргізіп, тал егіп, абаттандырып отырса. Атадан-балаға мирас болып келе жатқан игі дәстүр әр азамат өзінің арғы аталарын, шыққан тегін білу арқылы халқының тарихын біледі. Өзінің оған қаншалықты қосар үлесін пайымдайды, ұрпағын әрі жалғастырып, аталар дәстүріне тәрбиелейді. Олар дәстүрлі дініміз қайсысы, ұлттық салт, әдет-ғұрыпымыз қайсысы, бәрін білетін болар еді. Ата-ана рухын қадірлеп, қастерлеу ісіне, бүкіл бала-бауырлар жұмырылдырылсажақсы болар еді деп ойлаймын. Биылғы игі бастама атадан-балаға ары қарай, «Еске алу күні» ретінде 30 мамыр күні белгіленсе нұр үстіне нұр болар еді.

Осы мақсатта, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері 30 мамыр күні Бердібек, Қошқар ата, Есмамбет, Қалипан қорымдарына зират етіп, тазалық жұмыстарын жүргізуді ұйғарды. Осындай игі істер одан әрі жалғасын тауып, дәстүрге айналады деп үмітенеміз.

Суйесинова А.К.

Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімінің маманы

 

Жарияланған күні: 18 мамыр 2015




7 наурыз 2018

Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!

14 қараша 2017

Тарихын тасқа жазған шеберлер

20 қазан 2017

Мұнарлы төбе, мың белес

18 желтоқсан 2015

Маңғыстау ғашықтары

18 мамыр 2015

Өлі риза болмай, тірі байымайды

5 қазан 2011

Дана халқымның дара тұлғасы СҰЛТАН ЕПЕ

23 мамыр 2010

Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы

6 мамыр 2009

Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз

15 сәуір 2008

18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні

9 қаңтар 2007

Үйтолы ата мешiтi

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28