Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан селосынан 30 км оңтүстік бағытта жазықты жерде орналасқан. Координаталары: N 44 39, 244; E 052 27, 349
Мешіт таудың жарындағы 10 м биіктіктегі жұмсақ бор тауды шауып, үңги жасалған аса үлкен емес 2 бөлмеден тұрады. Оның бөлмелері бір-біріне жапсарластыра салынған, төбесінде жарық түсіп, ауа кіріп тұруы үшін тесік қалдырылған. Аңыз бойынша мешіт осы жерде біраз уақыт уағыз жүргізген Бекет-атаның ұсынысы бойынша жасалған. Кейінгі уақытқа дейін мешіт бор таудың құлаған жар қабақ топырағының астында қалып, бұзылған қалпында жатқан. Мешітке Маңғыстау МтМҚ ММ тапсырысымен (2006 ж.) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
Бекет Мырзағұлұлы (18 ғ.) – Маңғыстау, Үстірт, Атырау мекендеген Адай тегінен шыққан қазақ халқының данасы. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылой ауданы Ақкиізтоғай ауылы. Жас кезінде қолына қару алып, көршілес қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасып, халқының егеменділігін қорғаған Бекет батырлығын танытып,табиғи күш- қуатымен ерекшеленіп, ел аузында Ер-Бекет атанды. Жаугершілікті тоқтатып, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен достық қарым-қатынас құруды армандаған Бекет құдай жолына түсіп, Хиуаға медресеге оқуға аттанған. Атақты Бақыржан-қажыдан дәріс алған Бекет еліне қайтып, ұстазының ісін жалғастырып, жер-жерден жерасты мешітін салған. Қараңғы халқының дінге, білімге көзін ашып, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға себеп туғызған.
Мырзаболатұлы Байсал Бекет-атамен қатарлас екен. Оғыланды тауынан Бекет-атаның мешітін салмақшы хабарын қалың елмен бірге Байсал да естіп, мешіттің құрылысына көмектесіп жатқан адамдарға қосылады. Байсал да өзінің Алла дарытқан күшін игілікті іске аямай жұмсайды. Басқалар біраз жұмыс жасағасын ауылдарына қайтып кетіп жатқанда ол шаршап-шалдықпастан жұмыс жасай береді. Оның ерен қайратына таң қалмаған адам болмайды. Байсалдың бұл қимылы мен ерекше ынта-ықыласы, әрине, Бекеттің назарында еді.
Бір күні Бекет Байсалға: «Ал, Байсал, көп іс тындырдың. Қайратыңда шек жоқ екен. Жасаған қызметіңнің қарымы тек бір Алладан қайтсын!» деп өз ырзашылығын білдіреді. Кенет перзентсіз көңілі мұңды болып жүрген Байсалдың ішін оқып қойғандай: «Замандасыма айтарсың, уайымдамасын. Келер жылы бір перзентті боларсың. Біреу болса да берегей болар, ұл туса атын «Мыңкісі» деп қоярсың» дейді. Байсал Бекет-атаның ауылынан қуанышта аттанады, келе жары Қарашашты қуантады...
Келер жылы Бекет-атаның айтқаны келді. Қарашаш ана 48 жасында ұл перзентті болған. Ұланасыр той жасап, атын Мыңкісі қояды...»
Осы жерде бүгіндері жасы сексеннің сеңгіріне шыққан, Ақтау қаласында тұратын, кезінде талай шешен шежірешілердің айтқандарын зердесіне ұялатқан Нұрұлы Сабытайдың Құнанорыс Сарыбек әулие айтты деген әңгімесін де оқырмандар назарына бере кетейік.
«Байсал зарыға күткен арманы орындалып, қуанышы қойнына сыймай той жасағанда арнайы адам жіберіп тойына Бекет-атаны да шақырыпты. Шақыра келген хабаршыға Бекет-ата: «Баласы құтты болсын! Құдай бұйыртса, мен сол баласы қырқынан шығарда әдейі барамын. Бұл сапарда бара алмайтын жайымды айтарсың» дейді. Бекет-атаның сәлемін естіген Байсал: «Япырмай, бұл кісі өмірбойы намазын мешітте оқып келе жатқан адам еді. Мен келетін күніне дейін Бекетке арнап мешіт дайындамасам болмайды екен» деген тоқтамға келеді де, Бозашы түбегінен мешіт үйін салуға ылайықты жер іздеп, Тобықтының ойындағы бір кебір төбені қазады. Әрине, оның бұл сауапты ісіне ауыл-аймақтың адамдары, ағайын-тумалары да көмектескен болар. Сол мешітті Байсал Бекет-ата өз ауылына келерден 3 күн бұрын бітірген екен. Бекет-ата уәделі күні Байсалдікіне келіп түседі. Сол күнгі екінті, ақшам, құптан, таң намаздарын Байсал дайындаған мешітте оқыпты.
Дерек көзі: Арыстан Әбіловтың 2 желтоқсан 1997 жылғы «Маңғыстау» газетінде жарияланған «Мыңкісі Байсалұлы» деген мақаласынан үзінді, Адай шежіресі кітабы, 336-337 бет, Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары. Қаз ССР Мәдениет министрлігі «Қазпроектреставрация» институтының 1986 жылғы зерттеу жұмыстарының материалдары. «Қазреставрация» РМК мұрағаты.
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ бөлім меңгерушісі
А.К.Яриханова
7 наурыз 2018
Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!
14 қараша 2017
Тарихын тасқа жазған шеберлер
20 қазан 2017
Мұнарлы төбе, мың белес
18 желтоқсан 2015
Маңғыстау ғашықтары
18 мамыр 2015
Өлі риза болмай, тірі байымайды
5 қазан 2011
Дана халқымның дара тұлғасы СҰЛТАН ЕПЕ
23 мамыр 2010
Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы
6 мамыр 2009
Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз
15 сәуір 2008
18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні
9 қаңтар 2007
Үйтолы ата мешiтi
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023