"Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы ғұндар туралы деректі фильм түсіруге келген Франциялық "Pernel Media" телекомпаниясының France 5 қоғамдық-танымдық телеарнасының өкілдерін қабылдады. Кездесу мақсаты: "Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру, Францияның телеарналарын және АҚШ-тағы Science Channel телеарнасы арқылы дүниежүзі халықтарының назарына ұсыну. Фильм түсіруші топтың құрамы: Франциялық "Pernel Media" телекомпаниясының Лорен Порте - France 5 қоғамдық-танымдық телеарнасының ғұндар туралы деректі фильмнің бас режиссері әрі сценаристі, Ксавье Либомен - деректі фильмнің түсірушісі бейнеоператор, Кристоф Миэль деректі фильмнің дыбыс режиссеры.

Маңғыстаудағы Алтынқазған діни-қабірлеу кешені - Ұлы дала белдеуіндегі және ғұн мәселелерімен тығыз байланысты маңызды тарихи кезеңді көрсететін ескерткіш. Жерлеу кешені негізінен құрбандық шалатын тастар мен қоршаулар болып табылатын 200-ден астам жерлеу қоршаулары қалдықтарынан тұрады. Зерттеушілермен ежелгі көшпелілердің жөнелтуі туралы салтымен пұтқа табынушылыққа дейінгі екі табиғи апат – От пен Суға табынушылықпен байланысты болжамдар айтылады. Ғұн бейнесінің қымбат ат әбзелдерін сыйға тартуы жерлеу салтының жоғары деңгейін көрсетеді. Археологиялық қазба жұмыстары барысында катакомбалық үлгідегі үш жерлеу табылды. Ескерткіш б.з. III-V ғғ. белгіленеді. Алтынқазғанның анықталуы ежелгі Азия мен Еуропа аралығындағы антикалық және ерте ортағасырлық кезеңіндегі сауда қатынастарының дамуы мен Ұлы Халықтар көші дәуірі археологиясындағы соңғы онжылдықта ашылған маңызды оқиғалардың бірі деп танылды.

Жоспар бойынша өңірлік археолог А.Астафьевпен бірге Маңғыстау ауданына қарасты Алтынқазған діни-қабірлеу кешенінде биыл түсірілім жасау жұмыстары жүргізіліп, ғұндар тарихы туралы танымдық деректі фильм келер жылдың көктемінде жарыққа шығады. 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні: 25 қыркүйек 2019




29 мамыр 2023

Әлмен Бердіұлына 135 жыл толуына орай "Құлпытаста қолының табы қалған" тақырыбында кеш ұйымдастырылды

26 мамыр 2023

«Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік конференция

17 мамыр 2023

«Есте жоқ ескі замандарда» атты облыстық музей мамандары сайысы

27 сәуір 2023

«Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

7 сәуір 2023

ОТПАН-ТАУДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ – 2023 ЖЫЛ

3 сәуір 2023

ТҮПҚАРАҒАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СЕНБІЛІК

18 шілде 2022

Халықаралық форум

30 наурыз 2021

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау»

1 наурыз 2021

«1 наурыз- Алғыс айту күні»

11 қазан 2019

Ұлы жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы

25 қыркүйек 2019

"Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру

24 маусым 2019

"Aktau Fashion Week" апталығы

4 маусым 2019

Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышымыз!

12 наурыз 2019

«Ұлттық жаңғыру процессі туған жер тұтастығымен ел болашағының негізі ретінде»

12 наурыз 2019

«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясын ұйымдастыру және өткізу

12 наурыз 2019

«Дін және дәстүр» танымдық кеш

12 наурыз 2019

Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-танымдық кеш

12 наурыз 2019

«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»

12 наурыз 2019

«18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған іс-шара

12 наурыз 2019

Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді

12 наурыз 2019

Шетелдік тілшілер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28