Ұлы жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы

10-12 қазан күндері Халық жазушысы, ҚР Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтуде. 10 қазан күні Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ашылу салтанатына қатысты. Осы сәтте Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Бекболат Төлегенұлы "Маңғыстау - ашық аспан астындағы мұражай" атты жылжымалы көрмені барлық келген қонақтарға таныстырды.