Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-танымдық кеш

Тақырыбы: «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары».

Болатын жерi, уақыты: Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы (Ақтау қаласы, 3-ші шағынаудан, 66 ғимарат),  28 наурыз 2018 жыл, сағат: 10-00.

Жүргізуші: Яриханова Айман Керліқұлқызы

Кештің барысы: Қайырлы күн, құрметті қонақтар және білімгерлер! Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына  ұйымдастырылып отырған «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» атты іс-шараға қош келдіңіздер.  Бұл кездесудің маңызды сипаты - жерлесіміз С.Қондыбай өмірі туралы, оның мол мұраларын, ғылыми еңбектері мен шығармаларын таныстырып, насихаттау.  С.Қондыбай туралы түсінік қалыптастырып, туған түбегіміздің тұлғалары өмірін, шығармашылығын үлгі ету.

Арнайы шақырылған қонақтар:

  • Сайын Назарбекұлы - ғалымның рухани ұстазы, ақынсәулетшіМаңғыстау облысының Құрметті азаматы. Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі;
  • Еділхан Алқажан Меделұлы - Маңғыстау тарихы, мәдени ескерткіштері, т.б. туралы көптеген зерттеу мақалаларының авторы, өлкетанушы, өлке тарихын зерттеуші көптеген қаламгерлердің, өнер зерттеушілерінің еңбектерінің жарыққа шығуына қол ұшын беріп жүретін белгілі тұлға. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы, «Маңғыстау тарихы» атты кітаптың авторы -  
  • Тілекбаева Айнұр - С. Қондыбай атындағы №22 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Сонымен қатар, Маңғыстау Туризм колледжінің білімгерлері

Жүргізуші баяндамасы: Серікбол Қондыбай (1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушыгеографпублицистэтнограф-ғалымы.

Серікбол Әділбекұлы Қондыбай Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде 1968 жылы 14 наурызда дүниеге келген.

1975-1985 жылдары Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №3 мектепте білім алған. 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін “географ-геоморфолог” мамандығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аудандық “Білім қоғамында” жауапты хатшы, аудандық байланыс торабында монтер болып қызмет еткен. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” қатысып, 17 желтоқсан күні ұсталып, 10 күн қамауда отырған.

1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991–1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалімөлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның«Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003), «Арғықазақ мифологиясы» (2004), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005), «Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар. Бүгінгі таңда ғалымның соңында қалған мол қоры, қолжазбалық материалдар зерттелу үстінде.

Аз ғұмырында 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен, 2004 жылы Президенттік сыйлықпен марапатталды.

2006 жылы ІІ-республикалық ғылыми - теориялық конференциясының бастамасымен 25 тамыз күні Ақтау қаласының 22 шағын ауданында орналасқан №22 орта мектеп С.Қондыбаев атымен аталынды. Мектептің ашылуына Серікболдың анасы Тәрбие апа және парламент сенаторы Оралбай Әбдікәрімов және халық жазушысы Әбіш Кекілбаев қатысты. Мектеп алдында 3,5 метр биіктіктегі Серікбол Әділбекұлының қоладан құйылған мүсіні мүсінделген. Авторы Алматылық мүсінші Ө.Шанов. Мектеп ішінде Серікбол Әділбекұлына арналған бөлме-мұражай бар. 

Маңғыстау облысының әкімдігінің 26.01.2015 жылғы №07 Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Мемориалдық мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын құру туралы қаулысы негізінде кәсіпорын Жарғысы бекітілді және коммуналдық меншік объектісі болып белгіленді. Мұражайдың  ашылу  рәсімі 2015 жылдың 14 қазан күні болды.

Әбіш Кекілбаев “Арамыздан ерте кеткен талантты ғалым Серікбол Қондыбай – ұлттық руханиятымыздағы аса сирек құбылыс. Ол этнография мен археология, география мен ономастика, агиография мен теология, эпос пен тарих, мифология мен философия деректерін салғастыра зерттеп, түріктану мен қазақ тануға мейлінше үлес қосты. Отандық ғылым үшін жемісті болар жаңа бағыт бастап берді. Ол қалдырған мұраның деректік, пайымдамалық құндылықтары мен мәнділіктерін зерделеу - осы заманғы ұлттанудың қалыптасуы мен кемелденуіне оң ықпал етері сөзсіз. Бұл саңлақ таланттының саяқ зерттеушілік ізденістеріне, ерек елжандылығы мен еңбексүйгіштігіне таң қалмасқа шара жоқ!.. Арманда кеткен азаматтың жер бетіндегі ізі суымай жатып, ол қалдырған еңбектердің сиясы кеппей тұрып ғылыми сарапқа түсуі – аса сүйінішті жағдай” 

 

 

 

Жарияланған күні: 12 наурыз 2019




29 мамыр 2023

Әлмен Бердіұлына 135 жыл толуына орай "Құлпытаста қолының табы қалған" тақырыбында кеш ұйымдастырылды

26 мамыр 2023

«Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік конференция

17 мамыр 2023

«Есте жоқ ескі замандарда» атты облыстық музей мамандары сайысы

27 сәуір 2023

«Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

7 сәуір 2023

ОТПАН-ТАУДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ – 2023 ЖЫЛ

3 сәуір 2023

ТҮПҚАРАҒАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СЕНБІЛІК

18 шілде 2022

Халықаралық форум

30 наурыз 2021

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау»

1 наурыз 2021

«1 наурыз- Алғыс айту күні»

11 қазан 2019

Ұлы жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы

25 қыркүйек 2019

"Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру

24 маусым 2019

"Aktau Fashion Week" апталығы

4 маусым 2019

Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышымыз!

12 наурыз 2019

«Ұлттық жаңғыру процессі туған жер тұтастығымен ел болашағының негізі ретінде»

12 наурыз 2019

«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясын ұйымдастыру және өткізу

12 наурыз 2019

«Дін және дәстүр» танымдық кеш

12 наурыз 2019

Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-танымдық кеш

12 наурыз 2019

«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»

12 наурыз 2019

«18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған іс-шара

12 наурыз 2019

Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді

12 наурыз 2019

Шетелдік тілшілер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28