Шетелдік тілшілер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады
Маңғыстау облысында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын насихаттау аясында мәдени баспасөз туры өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында: «Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз» деп атап өткен болатын.
Испания, Италия, АҚШ, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Франциядан келген 15 журналист сапардың бірінші күні Маңғыстаудың туристік жерлері - «Бекет ата» және «Шопан ата» жерасты мешіттеріне барды.
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ директордың орынбасары Өтесінов Марат қонақтармен киелі жерлерге барып, оларға біздің киелі жерлерін, атап айтқанда, Шопан ата, Бекет ата жерасты мешіттерін, Куйеутам күмбезтамы, Оғыланды ата және Баян баба, өлкеміздің тарихи-мәдени ескерткіштерін, жалпы біздің өлке туралы баяндап берді.
Журналистер сапар соңында өздерінің әсерлерімен бөлісті. Мысалы, Ұлыбританиялық репортер Мариола Федорчуктің айтуынша, жергелікті халықтың адам жерлеу салтының Қытай және Жапониямен ұқсастығы бар. Сондай-ақ, Шопан ата қорымының ертедегі жерлеуін Словениямен салыстырды. Қытайдан келген журналист Чен Руи Маңғыстау жерінде қазақ халқының өзіне тән бай мәдениеті мен дәстүрі кеңінен сақталғанын атап өтті.
«Бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз-мұраларға өте бай екенін өз көзімізбен көріп таңғалдық. Осындай мүмкіндікке ие болғанымызға сіздерге үлкен рахметімізді айтамыз. Жергілікті адамдардың ерекше қонақжайлығын атап өткіміз келеді. Қазақстандағыдай қонақжайлылықты ешқашан, еш жерде көрмедік десек – артық айтқандық емес. Сондай-ақ, бір айта кететінім, шетелдік туристерді, әсіресе Еуропалық туристерді ең алдымен елдің ішкі әлемі, сонымен қатар ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қызықтырады. Сол қызықтардың барлығын осы өңірден көре алдық деуге болады. Ерекше әрі бай табиғатын, қызықты орындары мен тарихын сақтап сіздерге деген қызығушылығымыз зор», - деді Франциялық журналист Изабель Моран.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жетістіктерін және орта шағын бизнестің дамуы туралы айтты. Өңір басшысына Қазақстанның және Маңғыстаудың бірегей мәдениетін сақтау және туристік әлеуетті дамыту туралы сұрақ қойылды.
«Облыстағы туризмді дамыту мақсатында кафе мен санитарлық аймақтары бар 10 визит орталықтарын салуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде экскурсиялық және көрме орталығы, сыйлық, ұлттық өнімдер дүкендері болады. Өзбекстан шекарасына дейін 85 шақырым жол құрылысы жүріп жатыр. Жолдың ұзақтығы бойынша туристерге қажетті барлық қолайлы жағдайды ұйымдастыру бойынша орталықтар салынады. Кеше сіздер Бекет ата мен Шопан ата қорымдарын көрдіңіздер. Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың ғана емес, Қазақстанның да сәулеті ерекше тарихи және архитектуралық ескерткіш. Қазақ халқы әдеп-ғұрыптармен мәдениетті тарихтағы ең қиын кезеңде сақтап қалған ел. Біздің елімізде өзінің мәдениеті, дәстүрі мен тілін сақтаған 130 өз ұлт өкілдері тұрады. Барлығы бірлік пен тұрақтылықтың арқасында тату-тәтті ғұмыр кешуде», - деді Ералы Тоғжанов.
Қазақстан бойынша шетелдік журналистердің сапарлары 10 күнге созылады. Олардың келесі аялдамасы Алматы облысы.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында өткізіліп отырған екінші пресс-туры туризмді дамытуға және Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттік ретінде жалпы қолайлы имиджін қалыптастыруға бағытталған.
29 мамыр 2023
Әлмен Бердіұлына 135 жыл толуына орай "Құлпытаста қолының табы қалған" тақырыбында кеш ұйымдастырылды
26 мамыр 2023
«Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік конференция
17 мамыр 2023
«Есте жоқ ескі замандарда» атты облыстық музей мамандары сайысы
27 сәуір 2023
«Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
7 сәуір 2023
ОТПАН-ТАУДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ – 2023 ЖЫЛ
3 сәуір 2023
ТҮПҚАРАҒАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СЕНБІЛІК
18 шілде 2022
Халықаралық форум
30 наурыз 2021
«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау»
1 наурыз 2021
«1 наурыз- Алғыс айту күні»
11 қазан 2019
Ұлы жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы
25 қыркүйек 2019
"Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру
24 маусым 2019
"Aktau Fashion Week" апталығы
4 маусым 2019
Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышымыз!
12 наурыз 2019
«Ұлттық жаңғыру процессі туған жер тұтастығымен ел болашағының негізі ретінде»
12 наурыз 2019
«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясын ұйымдастыру және өткізу
12 наурыз 2019
«Дін және дәстүр» танымдық кеш
12 наурыз 2019
Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-танымдық кеш
12 наурыз 2019
«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»
12 наурыз 2019
«18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған іс-шара
12 наурыз 2019
Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді
12 наурыз 2019
Шетелдік тілшілер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023