Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қала және аудан әкімдіктеріне:

- аудан-қалаларда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша жергілікті өңірден қамқоршы ұйымдар бекітіліп, қорғау-сақтау жұмыстары жандандырылсын;

2. Маңғыстау және Мұнайлы ауданы әкімдері (Ж.Айтуаров, Н.Тәжібаевқа):

- «Сисем-ата» және «Қараман-ата» «Жамбауыл» қорымдарының құрылыс салуды реттеу аймағынан жаңа қойылымдарға арнайы бөлінген жер учаскелерін белгілі бір ұйымға рәсімдеу және заңдастыру жұмыстары жүргізілсін;

- қамқоршы ұйым («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) есебінен «Сисем-ата» қорымының бекітілген қорғау аймақтарының шегіне қорғау белгілері орнатылсын.

3. Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына (Х.Нұрғалиева), облыстық мәдениет басқармасына (П.Сармурзина):

Бюджет мүмкіндігін ескере отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраларымызды зерттеу, қорғау-сақтау және насихаттау мақсатында ұсынылған жобалар мен іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен қаржыландыру жоспарына енгізілсін.

4. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне (Б.Б.Ахметовке): Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жанынан ғылыми-зерттеу орталығын ашуды жеделтету; (мерзімі 2018ж, 1-тоқсан);

5. Облыстық мәдениет басқармасына (П.Сармурзина):

- облыста жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау және консервация жұмыстарының өлкеге тән әдістемесі туралы уақытша Ереже жобасы жасау мәселелері қаралсын;(мерзімі 2018ж, 1-тоқсан);

- Ғылыми-реставрация жұмыстарын жүргізуге арналған ғылыми - жобалау құжаттама жобасын ғылыми - әдістемелік Кеңес мүшелерінің қарауымен қабылдап, жүзеге асырсын;

Төмендегі жобаларға қаржы бөлінуге ұсыныстар беру:

- Үстірт пен Маңғыстаудағы ерте темір дәуіріндегі сармат-масагеттік тас мүсіндерді картографиялау үшін,

- «Белдеулі керуен-сарайы» ескерткішін қалпына келтіру графикалық кескіндемесі реконструкция жобасын жасақтауға (мұрағаттық-библиографиялық ізденістер);

- Отпанға қатысты «от» сөзін Үндістан, Иран және грек, қазақ елдеріндегі мәдениетпен әдеби шығармаларындағы көрінісі, философиялық және фольклор (ырым) діни тұрғыдан қарастыру, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға;

6. Облыстық туризм басқармасына (Ө.Бисақаев): облыстағы киелі нысандарға келетін саяхатшылар үшін жергілікті ерекшеліктерді қамтитын туризм мәдениетінің тұжырымдамасы мен туристерге арналған жаднама жобасын жасақтау;

- Маңғыстаудың туризм саласын жандандыру үшін халықаралық-ғылыми семинарлар ұйымдастыру;

- Маңғыстауды насихаттау мақсатында түрік елдеріндегі ірі мәдени қоғамдық ұйымдармен байланыс орнықтыру;

7. Маңғыстау облысының Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасына ( Г.Б.Төлеуғалиева);

- Маңғыстау туралы жазба деректерді (парсы, араб тілдеріндегі), жинақтау және жариялау мәселелерін шешу;

8. Облыстық дін істері басқармасына (Е.Есбергенов), ішкі саясат басқармасына (Қ. Жұмағали): өлкедегі киелі орындарға келушілердің тәртібіне жиі бақылау жүргізу, шырақшылар қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдансын.

9. Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлына жүктелсін.

Кеңес төрағасы Е. Тоғжанов

Хатшы Н. Құлбаев 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні: 12 наурыз 2019




29 мамыр 2023

Әлмен Бердіұлына 135 жыл толуына орай "Құлпытаста қолының табы қалған" тақырыбында кеш ұйымдастырылды

26 мамыр 2023

«Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік конференция

17 мамыр 2023

«Есте жоқ ескі замандарда» атты облыстық музей мамандары сайысы

27 сәуір 2023

«Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

7 сәуір 2023

ОТПАН-ТАУДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ – 2023 ЖЫЛ

3 сәуір 2023

ТҮПҚАРАҒАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СЕНБІЛІК

18 шілде 2022

Халықаралық форум

30 наурыз 2021

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау»

1 наурыз 2021

«1 наурыз- Алғыс айту күні»

11 қазан 2019

Ұлы жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы

25 қыркүйек 2019

"Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру

24 маусым 2019

"Aktau Fashion Week" апталығы

4 маусым 2019

Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышымыз!

12 наурыз 2019

«Ұлттық жаңғыру процессі туған жер тұтастығымен ел болашағының негізі ретінде»

12 наурыз 2019

«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясын ұйымдастыру және өткізу

12 наурыз 2019

«Дін және дәстүр» танымдық кеш

12 наурыз 2019

Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-танымдық кеш

12 наурыз 2019

«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»

12 наурыз 2019

«18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған іс-шара

12 наурыз 2019

Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді

12 наурыз 2019

Шетелдік тілшілер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28