Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған  Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Іссапар бағыты: Ақтау қаласы – Бейнеу – Тоқсанбай – Шабаймола –  Шолақ (Қызылжұлдыз) –  Атан-Таған – Төремұрат – Көркембай – Манашы – Ақтау  қаласы.

Іссапар мерзімі:  20 – 23 қазан  2022 жыл (4 – күндік)

Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова  – «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімі меңгерушісі

Е.Давлетов -  «Сәулет және археология бөлімі» меңгерушісі

Л.Бешакова – «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау» бөлімі маманы

А.Алғадай  –  «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімі маманы

АТАН-ТАҒАН некрополі, Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар: Қорымдағы №2,3 күмбезтамға және №4 сағанатамға өңделген плита тастардан қаланған қабырғаларының ара-жіктерінің ашылған тұстарына цементпен сылақ жұмыстарын жүргізген. №3 күмбезтамның кіріс ойығының жоғарғы тұсына гранит  тастан белгі тақтайша жапсырып орнатып қойған. Қорымға 2014 жылы қорғау тақтасы жаңадан орнатылды. 

КӨРКЕМБАЙ мешіті, XIX ғасыр Тарих және мәдениет ескерткішінің жай-күйіне мониторинг жүргізу барысында сақталу деңгейі қанағаттанарлықсыз деңгейде екендігі анықталды. Мешіт-медресенің бөлмелерінің күмбездері ішіне қарай опырылып құлаған, кейбір бөлме төбелері ашық қалпында тұр.  Ішкі қабырға тастарын бекіткен сылақ топырақтары үгітіліп, қабырғаларының  ара-жіктері ашылып,  кей жерлерінің ірге тастары опырылып құлаған қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.Тарих және мәдениет ескерткішіне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу мақсатында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен жоспарына енгізілді. 

Атан-Таған, Көркембай, Манашы ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында күтіп-ұстау бойынша Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен «Бейнеу ауылы әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі арасында 21.05.2021 жылы қорғау міндеттемесі жасақталды.

ІССАПАР НӘТИЖЕСІНДЕ: 4 тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық байқау актілері дайындалып, 17 есеп карточкалары объектілердің техникалық жағдайларына байланысты қосымша мәліметпен толықтырылады.

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізімінде тұрған   Тәңке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенелерінің өлшемдері алынып құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімі  Қ.Бимағанбетова

1. Тәңке күмбезін құжаттандыру  

2. Шолақ (Қызылжұлдыз) құжаттандыру  

 

 

 

Жарияланған күні: 13 қараша 2022




21 қараша 2022

Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық  барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы - ата некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы, Мешіт-су

13 қараша 2022

Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған  Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

20 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері, Қараман ата, Қамысбай ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Айдар ишан киелі орны, Иса Тіленбайұлы

12 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,  Қаратам (Қазақбай), Қызылтас (Ново - Александровская) бекінісі, Бәйте-3 ғибадатханасы қорымдары ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін

22 маусым 2022

Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы,  Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы, Нұрқабай құдығы, Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені, Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені, Меретсай діни-қабірлеу кешені, Дікілтас діни-қабірлеу кешені ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке

20 мамыр 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

13 сәуір 2022

Дала іссапары, ескерткіштердің техникалық байқау, құжаттандыру жұмыстары

1. Ақкетік қорымы 2015 жыл

2. Ақмыш саябағы, Ақбөбек мүсіні 

3. Маяк мыс песчанный, ағаш мүсін. Бауыржан 

4. Жұмыс сәті  

5. Төлеген аулие  2021 жыл

6. Жоласқан мешіті. Бауыржан 

 

 

 


 

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28