Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,  Қаратам (Қазақбай), Қызылтас (Ново - Александровская) бекінісі, Бәйте-3 ғибадатханасы қорымдары ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу және ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген Сисем-ата қорымындағы ескерткіштерге мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу,  Қармыс батыр кесенесі,  Ман ата кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу. 5 күн - 4 адам.

Іссапар бағыты: Ақтау қаласы – Дорал Құлшық – Қожакүмбет – Бердалы – Ман ата кесенесі – Қармыс батыр – Бәйте 3 – Сегізбай – Шилі – Қызылтас (Ново - Александровская) –  Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті – Қосмола – Бесбұлақ – Сисем ата – Өтес – Қаратам (Қазақбай) –  Ақтау  қаласы.

Іссапар мерзімі: 21 – 25 қыркүйек  2022 жыл (5 – күндік )

Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова  – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі  меңгерушісі

Л.Бешакова – арихи-мәдени мұраларды қорғау бөлімі маманы

А.Алғадай  – Ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімі маманы

М.Аққұлова – Қор бөлімі секторы

Дорал Құлшық күмбезтамы, XX ғасырдың басы

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар: ұрпақтары ескерткіштің қорғау аймағында күмбезтамның алдына ақ тастан ойып қашап оның ішіне  граниттен жазу жазып белгі қойған, сонымен қатар бұрыштарының үстіне орнатылған төртқұлақтарының құлаған тұстарына, күмбезінің құлаған плиталарына, баспа тастарының құлаған жерлеріне  өз бетімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.

Қорым аумағы: айналасы таспен қоршалған қазіргі күні алдыңғы тастары құлаған , қорғау тақтасы мен жол сілтегіші орнатылмаған.

Қожакүмбет күмбезтамы (XIV – XV ғасырлар), тарих және мәдениет ескерткішінің жай-күйін мониторингтеу кезінде күмбезтамның солтүстік-батыс және оңтүстік бұрыштары мен батыс бөлігінің қабырға плиталары ашылған, күмбезінің тастары толықтай құлаған жартылай апаттық күйде тұрғандығы анықталды.  Мониторингтеу нәтижесі бойынша жай-күйі өте төмен жағдайдағы Қожакүмбет күмбезтамына ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу мақсатында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс хат жолданды.

Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, XIX ғасыр - XX ғасырдың басы –Тарих және мәдениет ескерткішінің жай-күйін мониторингтеу барысында мешіт үйінің төбесі түгелге жуық ойылып құлағаны анықталды. Мешіт құрылысына  жалғастырылып  салынған  қосымша бөлмелер түгелдей дерлік қирап  бұзылған. Мониторингтеу нәтижесі бойынша жай-күйі өте төмен жағдайдағы мешітке ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс хат жолданды.

Сисем ата қорымы (1327 бірлік), ХIII-ХIХ ғасырлар –Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар, №876 сағанатамның жанына қара граниттен бірнеше белгі тақтасы орнатылған. сонымен қатар қорымдағы №119, 121, 109, 807, 778, 779, сағанатамдар, №309, 295 сандықтас, №290, 449, 826  құлпытас, қойтас №136, 168, 806, 413 тас қоршаулардың алдына ұрпақтары белгі тақтайшаларын қойған. Көптеген ескерткіштердің  сыртынан қазіргі заман үлгісіндегі ескерткіштер салынған.

Жалпы қорымның сақталу деңгейі жақсы қалпында. Қорымдағы ғылыми-реставрация жұмысы жүргізілген №795 сағанатамның қабырғаларының плита тасы тұтастай толықтай құлаған, ортасындағы шой тастары көрініп тұр. Қорым аумағы: Қорғау тақтасымен қоршауы талапқа сай орнатылған. Жол сілтегіші қойылмаған. Түнеухана қайтадан салынған, айналасына жасыл-желек ағаштар отырғызылған.

Өтес некрополі, XIV - XVI ғасырлар және XVIII - XX ғасырлар –жай-күйін мониторингтеу барысында жалпы қорымның сақталу деңгейі қанағаттанарлықсыз күйде екендігі анықталды.  №1, 2, 4, 5 күмбезтамдардың құрлысы жартылай бұзылған, тастары жан-жаққа шашылған, әйкелтастары құлаған. №3 сағанатамның  жоғарғы баспа тастары құлаған. Ескерткіштерге ғылыми-реставрация жұмыстарын жүргізу қажет.

Қаратам (Қазақбай) некрополі, XVI - XVIII ғасырлар –тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар жүргізіп, сыртынан қазіргі заман үлгісінде ақ тастан қалап кесене салған.

Іссапар нәтижесінде: 12  тарих және мәдениет  ескерткіштеріне техникалық байқау актілері дайындалады, 81 жекелеген  объекттің инвентарлық нөмірлері жаңғыртылды, фотофиксация жұмыстары жүргізілді.  Қармыс батыр кесенесі,  Ман ата кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімі  Қ. Бимағанбетова

1. Қосмола күмбезтамы

  


Жарияланған күні: 12 қазан 2022




21 қараша 2022

Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық  барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы - ата некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы, Мешіт-су

13 қараша 2022

Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған  Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

20 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері, Қараман ата, Қамысбай ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Айдар ишан киелі орны, Иса Тіленбайұлы

12 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,  Қаратам (Қазақбай), Қызылтас (Ново - Александровская) бекінісі, Бәйте-3 ғибадатханасы қорымдары ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін

22 маусым 2022

Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы,  Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы, Нұрқабай құдығы, Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені, Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені, Меретсай діни-қабірлеу кешені, Дікілтас діни-қабірлеу кешені ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке

20 мамыр 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

13 сәуір 2022

Дала іссапары, ескерткіштердің техникалық байқау, құжаттандыру жұмыстары

1. Ақкетік қорымы 2015 жыл

2. Ақмыш саябағы, Ақбөбек мүсіні 

3. Маяк мыс песчанный, ағаш мүсін. Бауыржан 

4. Жұмыс сәті  

5. Төлеген аулие  2021 жыл

6. Жоласқан мешіті. Бауыржан 

 

 

 


 

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28