Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

Іссапар бағыты: Ақтау қаласы – Жыңғылды –  Құнан қорымы – Ақмыш – Темір Абдал (Шерқала) – Шілкөз-Мейрам – Шетпе – Үшкөз-Мейрам – Қапаш мешіті – Күркіреуік – Оңды – Олжа қыз –  Қарауылкүмбет –  Ұштаған –  Шетпе – Ақтау  қаласы.

Іссапар мерзімі: 27-30 сәуір 2022 жыл (4-күндік)

Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова  – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы

Л.Бешакова – «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау»  бөлімі маманы

А.Алғадай  – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы

Е.Қаздаев – көлік жүргізушісі

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар анықталды: 2021 жылдың қыркүйек айында Ж.Сағындықов деген азаматтың жетекшілігімен қорымдағы Құнан-атаның қабіріне орнатылған №50 құлпытастың дәл іргетасы түбінен бастап құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа кесене салынған. Жыңғылды ауылының әкімі С.Жұбанов қатысуымен заңбұзушылық әрекет бойынша акт толтырылды. Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында заң бұзушы тұлғаны жауапқа тарту шараларын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2013 жылы қорымдағы жаңа қойылымдар арасында халық композиторы Есір Айшуақұлына арналып 1989 жылы салынған мүсіні бұзылып қирауына байланысты, ескерткіштің орнына жаңадан төрт құлақты кесенетам орнатылды. Іссапар барысында №35 құлпытас, қойтас; №38 қойтас, №40 құлпытастардың айналасына  әлдекімдер ракуш таспен қоршау орнатып қойғандығы анықталды.

Шілкөз-Мейрам қорымындағы №7 күмбезтамға әлдекімдер цементпен тастарының ашылған тұстарына сылақ жұмыстарын жүргізген және алдына «Руы Жеменей Қожамсүгір Бернияз ұлы Исан» деп тақтайша орнатып қойғаны анықталды.

№3 сағанатамға өз бетінше заңсыз қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген, сағанатам бетіне тақтайша жапсырып, сонымен қатар сағанатамға жапсарлас тас қалап қойған.

2019 жылы «Күркіреуік (Шудабай) қорымы» тарих және мәдениет ескерткіші аймағында заңбұзушылық әрекет анықталып, Руы Бәйімбет Сүгірәлі Мәмбетниязұлы Әкімнің ұрпақтары Қарақия ауданының тұрғыны Марат деген азамат қорымдағы есепке алынған кіші пішінді сәулет үлгісі саналатын №13 қойтастың сыртынан төрт қабырғалы кереге там құрылысын орнатты. Аталған азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз құрылысты алып тастауға 1 ай уақыт беріліп, нәтижесінде ескерткіштің бастапқы келбеті қайта қалпына келтірілді.

Іссапар нәтижесінде 7 техникалық байқау актілері дайындалады, оның ішінде 220 объекттің инвентарлық нөмірлері жаңғыртылды, фотофиксация жұмыстары жүргізілді.



Жарияланған күні: 20 мамыр 2022




21 қараша 2022

Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық  барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы - ата некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы, Мешіт-су

13 қараша 2022

Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған  Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

20 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері, Қараман ата, Қамысбай ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Айдар ишан киелі орны, Иса Тіленбайұлы

12 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,  Қаратам (Қазақбай), Қызылтас (Ново - Александровская) бекінісі, Бәйте-3 ғибадатханасы қорымдары ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін

22 маусым 2022

Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы,  Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы, Нұрқабай құдығы, Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені, Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені, Меретсай діни-қабірлеу кешені, Дікілтас діни-қабірлеу кешені ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке

20 мамыр 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

13 сәуір 2022

Дала іссапары, ескерткіштердің техникалық байқау, құжаттандыру жұмыстары

1. Ақкетік қорымы 2015 жыл

2. Ақмыш саябағы, Ақбөбек мүсіні 

3. Маяк мыс песчанный, ағаш мүсін. Бауыржан 

4. Жұмыс сәті  

5. Төлеген аулие  2021 жыл

6. Жоласқан мешіті. Бауыржан 

 

 

 


 

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28