Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық  барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы - ата некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы, Мешіт-су некрополі, Жолболды некрополі ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, Аманбай ата бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу. 

Іссапар мерзімі: 28 қазан - 2 қараша 2022 жыл (6 – күндік )

Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова  – «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімі  меңгерушісі

Е.Давлетов – «Сәулет және археология бөлімі» меңгерушісі

Л.Бешакова – «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау» бөлімі маманы

Ж.Айтқұлова –  «Экскурсия және көпшілік» бөлімі маманы

Іссапар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері:

1. Жолбаян 1 қорымы XIX-XX ғғ, N044°633.841,  E054°44.25 98. Маңғыстау ауданы, Төлеп  селосынан 22, 88 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Жолбаян құдығымен Мөже құдықтарының ортасында орналасқан. Қорым тегіс жазықтықта орналасқан. Қорымда жобамен 6 тас қоршау, үлкен көлемді келген археологиялық тас шеңбер орналасқан.  Тас қоршаулар өңделмеген жалпақ тастардан дөңгелек, сопақша пішіндерде қаланған. Қазіргі кезде құрлыстары бұзылған тастары жан-жаққа шашылған, кейбірі топыраққа көмілген. Археологиялық тас шеңбер топыраққа көмілген, жалпы құрылысы өңделмеген жалпақ тастарды жерге тігінен орналастырған. Қорым көлемі 0,2 га шамасында болып келеді.

2. Жолбаян 2 қорымы, XIX-XX ғғ, N044°59 1191,  E054°44.1872. Маңғыстау ауданы, Төлеп  селосынан 27 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорымда екі үлкен тас қоршау орналасқан.  340х180х90 см көлемінде келген тас қоршаудың құрылысы төрт бұрышты пішінде қаланған. Осы тас қоршаудан 200 м шамасында қашықтықта үйінді тастардан қаланған объекті орналасқан. Айналасында қос тас белгі, тас белгі, 2 тас үйінді, тас қоршаулар барлығы 10-нан астам объектілер орналасқан.

3. Құдайназар қорымы, XIX-XX ғғ, N044°55 2971,  E054°45.3617. Маңғыстау ауданы, Төлеп  селосынан 31  км оңтүстік-батыс, Құдайназар сорынан  2 км шығыс бағытында орналасқан. Қорымда 30-дан астам объектілер бар. Қорымда сағанатам, 6 тас үйіндімен тас белгі, 20 тас үйінді, 2 төртасқа орнатылған қойтас құлпытасымен,  құлпытас үштасқа орнатылған қойтастар орналасқан. Сағанатамның кіре беріс ойығының жақтауларындағы тастары құлаған, плита тастары орнынан көтеріліп құлау қаупінде тұр, құлпытасы сағанатамға сүйеулі қалпында тұр. Үштасқа орнатылған қойтас қазіргі кезде жерге құлаған, құлпытас үштасқа сүйеулі қалпында тұр. Қорымда орналасқан құлпытастарда арабша жазулар жазылған. Құлпытастардың барлық жақтауларында әр түрлі қару жарақтардың бейнелері салынған, жақтаулары ою-өрнектермен әсемделіп қашалынған.

4. Кикілі қорымы XIX-XX ғғ  N044°49 4766,  E054°47.6292. Маңғыстау ауданы, Төлеп  селосынан  38  км оңтүстік-батыс бағытта, Кикілі құдығынан 1 км солтүстік-батыс  бағытта орналасқан. Қорым  көлемі 0,3 га шамасында болып келеді. Қорымда 20-дан астам объектілер бар. 3 құлпытас, қойтас қазіргі кезде құрылыстары қирап шашылған. Құлпытастары жерге құлаған, кейбірі бірнеше бөлікке бөлініп сынған, қойтастар  орындарынан қозғалған. Жекелеген 3 тас белгі қойылған. Қалған ескерткіштердің барлығы тас үйінді түрінде келген, алдарына тас белгі орнатылған, адай таңбасы анық қашалып салынған.

5. Мешітсу  1 қорымы, XIX-XX ғғ, N044°258749,  E054°994588 Маңғыстау ауданы,  Төлеп  селосынан 73  км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Қорымда екі тас қоршау орналасқан. Бірінші тас қоршаудың құрылысы өңделмеген жалпақ тастардан сопақша пішінде қаланған. Тас қоршаудың алдына адамның басы мен кеуде мүсіне ұқсас жалпақ тастан тас белгі орнатып қойған. Тас белгіде адай, кете руларының таңбасы салынған. Құрылысы жақсы сақталған. Екінші тас қоршаудың құрылысы сопақша пішінде тігінен жалпақ тастардан жерге қадалып орнатылған. Тас белгісі табан тасынан ажырап жерге құлаған қалпында жатыр.Тас белгіде адай таңбасы айқын көрінеді. 

ІССАПАР НӘТИЖЕСІНДЕ: 4 тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық байқау актілері дайындалып, 17 есеп карточкалары объектілердің техникалық жағдайларына байланысты қосымша мәліметпен толықтырылады. 5 тарихи-мәдени мұра объектілері анықталды.

Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімі Қ. Бимағанбетова

 

 

Жарияланған күні: 21 қараша 2022




21 қараша 2022

Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық  барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы - ата некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы, Мешіт-су

13 қараша 2022

Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған  Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

20 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері, Қараман ата, Қамысбай ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Айдар ишан киелі орны, Иса Тіленбайұлы

12 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,  Қаратам (Қазақбай), Қызылтас (Ново - Александровская) бекінісі, Бәйте-3 ғибадатханасы қорымдары ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін

22 маусым 2022

Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы,  Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы, Нұрқабай құдығы, Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені, Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені, Меретсай діни-қабірлеу кешені, Дікілтас діни-қабірлеу кешені ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке

20 мамыр 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

13 сәуір 2022

Дала іссапары, ескерткіштердің техникалық байқау, құжаттандыру жұмыстары

1. Ақкетік қорымы 2015 жыл

2. Ақмыш саябағы, Ақбөбек мүсіні 

3. Маяк мыс песчанный, ағаш мүсін. Бауыржан 

4. Жұмыс сәті  

5. Төлеген аулие  2021 жыл

6. Жоласқан мешіті. Бауыржан 

 

 

 


 

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28