Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері, Қараман ата, Қамысбай ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Айдар ишан киелі орны, Иса Тіленбайұлы кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Іссапар бағыты: Ақтау қаласы – Алаторпа – Қапам ата – Айдар Ишан – Көккүмбет – Өмір – Қаламқас – Қызан – Олжа – Қарақұдық – Нұрқара – Қарабарақты – Бәжі – Мыңкісі – Тасым – Қамысбай – Қараман ата  - Ақтау  қаласы.

Іссапар мерзімі: 04 – 07 қазан  2022 жыл (4 – күндік )

Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова  – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі  меңгерушісі

Ж.Ақсенбай – «Сәулет және археология» бөлімі маманы

Л.Бешакова – «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау»  бөлімі маманы

А.Алғадай  – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы

КӨККҮМБЕТ күмбезтам тарих және мәдениет ескерткішінің жай-күйіне мониторинг жүргізу барысында сақталу деңгейі қанағаттанарлықсыз күйде екендігі анықталды. Ғылыми-реставрация жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жоспарға енгізу үшін ұсыныс хат жолданды.

АЛАТОРПА некрополі, тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстаранықталды.  Қорымдағы №10,11,12 сағанатамдардың ара-жіктері ашылған жерлеріне цементпен бекіту жұмыстарын жүргізген.

ӨМІР некрополі XVIII ғасыр - тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар анықталды.№1 құлпытас, қойтасқа ұрпақтары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген, қойтастың астына үш сатылы тас қойған, қирап сынып азғантай бөлігі ғана сақталған құлпытасының қасына қазіргі заман үлгісінде тастан жаңадан құлпытас орнатқан. Құлпытас қойтасты өз алдына қоршап қойған. «Ойл Сервис Компаниясы» ЖШС «Өмір» қорымына  қоршауын, қорғау тақтасын және жол сілтегішін орнатты.

№12 Қаламқас әулие басына биік етіп қазіргі заман үлгісіндегі кесене орнатқан. Сонымен қатар қорымның кіре берісіне ақ тастан қалап есік орнатып қойған.  №26 құлпытас алдына ұрпақтары мрамор тастан белгі орнатқан.

Қызан қорымында қорымда заң бұзушылық әрекеттер бірнеше ескерткіштің сыртынан қазіргі заманғы ескерткіштер тұрғызған. №11 қойтастың сыртынан сағанатам салған, №13 тас үйінді сыртынан сағанатам орнатқан, №1 қос құлпытастың ортасына қазіргі заман үлгісінде құлпытастар орнатқан және үштастар белгісін қойған.

ОЛЖА некрополі, күмбезтамның төменгі бөлігінің кейбір жерлері қоршаған ортаның  әр түрлі салдарынан бұзылған. Саз балшықты қабырға сылақтары атмосфералық әсерлерден ағып түскен, қатты желінген,  күмбезі құлаған, төбесі ашық күйінде тұр.

Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар: күмбезтамға әлдекімдер кіріс қабырға бетінің сыртынан екі-үш қатар етіп ақ тастармен қалап қойған. №9 құлпытастың орнына ұрпақтары қазіргі заман үлгісіндегі құлпытас, үштас орнатқан, ал құлпытастың өзін бірнеше бөлікке бөлініп сынған қалпында жерге төселген қалпында тұр.  «Физтех» ЖШС қамқоршы мекемесі қорым аумағына жаңадан қоршау, қорғау тақтасын, жол сілтегішін  орнатты.

МЫҢКІСІ некрополі, қорымның қорғау аймағында қазіргі заман үлгісіндегі бірнеше ескерткіштер салынған, №2, 3, 6, 14, 20 сағанатамдардың плита тастарының ашылған тұстарына цементпен сылақ жұмыстарын жүргізген.

ҚАРАМАН АТА қорымы және жерасты мешіті, 2019 жылы «Қараман-ата» қоғамдық қайырымдылық қорына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қаржылай қолдау көрсетуімен ескерткіштің қоршауын жаңарту және аймағын абаттандыру тәрізді жұмыстар жүргізілді (түнемелік үй салу, киелі орынға жол тарту, электр желісін тарту, ауыз сумен қамтамасыз ету, т.б.) Қорғау тақтасы орнатылған, жол сілтегіші бар.

ІССАПАР НӘТИЖЕСІНДЕ: 13 тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық байқау актілері дайындалып, 190 есеп карточкалары объектілердің техникалық жағдайларына байланысты қосымша мәліметпен толықтырылады. Иса Тіленбайұлы кесенесінің өлшемдері алынып құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімі  Қ.Бимағанбетова

1. Айдар Ишан Ата құдығы  

2. Айдар Ишан Ата мешіті 

3. Көккүмбет күмбезтамы  

4. Қамысбай қорымы жұмыс сәті 

  

 

 

 

 

Жарияланған күні: 20 қазан 2022




21 қараша 2022

Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық  барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы - ата некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы, Мешіт-су

13 қараша 2022

Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған  Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

20 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері, Қараман ата, Қамысбай ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Айдар ишан киелі орны, Иса Тіленбайұлы

12 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,  Қаратам (Қазақбай), Қызылтас (Ново - Александровская) бекінісі, Бәйте-3 ғибадатханасы қорымдары ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін

22 маусым 2022

Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы,  Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы, Нұрқабай құдығы, Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені, Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені, Меретсай діни-қабірлеу кешені, Дікілтас діни-қабірлеу кешені ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке

20 мамыр 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

13 сәуір 2022

Дала іссапары, ескерткіштердің техникалық байқау, құжаттандыру жұмыстары

1. Ақкетік қорымы 2015 жыл

2. Ақмыш саябағы, Ақбөбек мүсіні 

3. Маяк мыс песчанный, ағаш мүсін. Бауыржан 

4. Жұмыс сәті  

5. Төлеген аулие  2021 жыл

6. Жоласқан мешіті. Бауыржан 

 

 

 


 

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28