Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы,  Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы, Нұрқабай құдығы, Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені, Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені, Меретсай діни-қабірлеу кешені, Дікілтас діни-қабірлеу кешені ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту,  ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген Мұрын-жыраудың үйі (Мұрын Сеңгірбекұлы музейі),  Шіркеу және Бөрілген некропольдері ескерткіштеріне мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

Іссапар бағыты: Ақтау қаласы – Қалипан – Қалың-Арбат – Жылқыбай – Демеу – Сислам ата –Мұрын жырау – Шіркеу – Сағындық – Меретсай діни-қабірлеу кешені – Дікілтас діни-қабірлеу кешені – Нұрқабай құдығы – Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені – Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені – Суат – Қарағашты – Кенті-баба – Сұлтан-үпі – Жиенәлі – Шат – Бөрілген – Ақтау  қаласы.

Іссапар мерзімі: 31 мамыр-3 маусым 2022 жыл (4-күндік)

Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы

Л.Бешакова – «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау»  бөлімі маманы

А.Алғадай – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы

Е.Қаздаев – көлік жүргізушісі

ҚАЛИПАН некрополі тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар анықталды. Қорымдағы №2 сағанатамға әлдекімдер сылақ жұмыстарын жүргізген.

Ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қалипан, Қалың-Арбат, Жылқыбай некрополдерін күтіп-ұстау бойынша Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен «Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі арасында 28.04.2021 жылы қорғау міндеттемесі жасалды.

Демеу, Сислам ата некрополдерін күтіп-ұстау бойынша Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен «Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі арасында  28.04.2021 жылы қорғау міндеттемесі жасалды.

ҚАРАҒАШТЫ-ӘУЛИЕ некрополі, 2021 жылы №159 мазарға заңсыз археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгені анықталды. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы жоқ өлкетанушы Мұрат Ақмырзаевтың жетекшілігімен орта ғасырлық мазардың құрылысын толықтай аршып, қабіртасына дейін қазба жұмыстарын жүргізген. Кәсіби емес мамандармен жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының салдарынан 16-17 ғасырға тиесілі мазардың іргетасы қозғалып аршылған, қабырға тастарына маркировка және фиксация жасалмай, ескерткіштің маңызды тарихи архитектуралық құрылысының бөліктері толықтай жойылған. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті тұлғаларды жауапқа тарту бойынша жұмыстар жасалуда.

№21 құлпытас қойтас  жанына ұрпақтары өз бетімен заңсыз  граниттен 1,5 м шамасында құрылыс жұмыстарын жүргізген.  Сонымен қатар қойтастың сыртын таспен қалап қойғаны анықталды.

Ғылыми-реставрация жұмыстары жүргізілген №17 құлпытас қойтастың құлпытасы бірнеше бөлікке бөлініп сынып жерге құлаған. Сонымен қатар №25 құлпытас үшке бөлініп жерге құлау қаупінде тұр.

№13, 23, 32, 33, 38, 40, 44, 51 ескерткіштердің жандарына ұрпақтары тастан белгі тақтайшаларын заңсыз орнатқан.

СҰЛТАН-ҮПІ жерасты мешіті, некрополі және сайы, Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарында заңсыз (өз бетімен) құрылыстар: 2021 жылы «Сұлтан-үпі» кешені құрамындағы №1 мешітке Д.Нұрбаевтың жетекшілігімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгені анықталды. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының 31 (Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлау) және 32 (ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары) баптары бұзылғаны анықталды.

Сонымен қатар, Д.Нұрбаев аталған ескерткіштің құрылыс салуды реттеу аймағынан өз бетімен асхана үйін салып, жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізген. Жаңа құрылыстың орналастыру қағидаты бойынша, сызба жоспары, өлшемдері, эскиздік жобалары облыстың жергілікті атқарушы органдарымен келісілмегендіктен жұмыстар тоқтатылды. Жалпы қорымның сақталу деңгей жақсы жағдайда. Сұлтан епе мешіті қоршалған, қорым аумағы қоршалған, қорғау тақтасы бар, жол сілтегіші орнатылған.

Суат,  Кенті баба, Сұлтан-үпі, Жиенәлі, Шат некрополдерін  күтіп-ұстау мақсатында Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен «Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі арасында  28.04.2021 жылы қорғау міндеттемесі жасалды.

Іссапар нәтижесінде: 17 тарих және мәдениет ескерткіші оның ішінде 365 объекттің инвентарлық нөмірлері жаңғыртылды, фотофиксация жұмыстары жүргізілді.

1. Дала әткеншегі

2. Қалипан, тех байқау жұмыстары

3. Меретсай діни-қабірлеу кешені 

4. Жылқыбай қорымы

5. Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені 

6. Жығылған көлі  

  

 

 

 

 

 


Жарияланған күні: 22 маусым 2022




21 қараша 2022

Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық  барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу жұмыстарын жүргізу, Қырғын қорымы, Әліке-Қанай некрополі, Бармақ некрополі, Құсшы - ата некрополі, Дауысты-Дүкен некрополі, Дауысты күмбезтамы, Шұбартай күмбезтамы, Мешіт-су

13 қараша 2022

Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған  Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Тәнке, Шабаймола, Шолақ (Қызылжұлдыз) некропольдері, Төремұрат кесенесі бойынша құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

20 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері, Қараман ата, Қамысбай ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, фотофиксациядан өткізу, Айдар ишан киелі орны, Иса Тіленбайұлы

12 қазан 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,  Қаратам (Қазақбай), Қызылтас (Ново - Александровская) бекінісі, Бәйте-3 ғибадатханасы қорымдары ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін

22 маусым 2022

Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы,  Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы, Нұрқабай құдығы, Түбежік 1 діни-қабірлеу кешені, Түбежік 2 діни-қабірлеу кешені, Меретсай діни-қабірлеу кешені, Дікілтас діни-қабірлеу кешені ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке

20 мамыр 2022

Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі

Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі,  Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген  Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.

13 сәуір 2022

Дала іссапары, ескерткіштердің техникалық байқау, құжаттандыру жұмыстары

1. Ақкетік қорымы 2015 жыл

2. Ақмыш саябағы, Ақбөбек мүсіні 

3. Маяк мыс песчанный, ағаш мүсін. Бауыржан 

4. Жұмыс сәті  

5. Төлеген аулие  2021 жыл

6. Жоласқан мешіті. Бауыржан 

 

 

 


 

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28